Stan.kz байқауына қатысып, "Махаббат әлемін" тамашалап қайтыңыз
Махаббатсыз өмірдің мән-мағынасыз екенін алға тартып, ғұмырын сырлы сезімге арнаған жандар аз емес. Сонымен қатар, ғашығы, өмірлік серігінің арқасында қиыншылықтарды жеңіп шығып, биік шыңдарды бағындырғандар да көпшілік. Stan.kz ақпарат агенттігі махаббат тақырыбында байқау жариялайды. Мақалада еліміз үшін ерең еңбегі сіңген тұлғалардың ғашықтары, махаббат оқиғасы жазылған. Біз оқиғаны әйелдерінің тарапынан баяндадық. Нәзік қауымның өкілдері өздеріне кімді өмірлік жар етіп таңдаған? Тауып көріңіз.
Қазақ халқының тәуелсіздігі мәңгі болуы үшін ерең еңбектенген тұлға әйелімен 50 жыл 6 ай бірге өмір сүрген. "Сүйіктіммен кездескенім үшін тағдырыма ризамын. Біздің көңілді тойымыз 18 қазан күні әпкем Әмина Ахметқызының пәтерінде өтті. Қонаққа институттағы достарым, Қазақ тау-кен институтының мұғалімдері, инженер Жақсыбаев пен Кравченко, Зухраның ағасы Гариф Шәріпұлы жас жұбайымен келді...", — дейді ер кісі аяулы жары туралы естелігінде. Зухра Шәріпқызының жолдасы кім болған?
Александра Ивановна атты орыс қызы қазақ жігітін жан-жүрегімен сүйді, сүйіктісімен бірге болу үшін ислам дінін қабылдады. Ол Әулиекөл ауылындағы орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істеп, болашақ жарымен танысты. Екеуі 1896 жылы Троицк қаласындағы мешітте некелерін қиды.
Александра Иванованың жолдасы — "Алаш" партиясының мүшесі, ақын, зерттеуші ғалым, түркітанушы, аудармашы, Қостанай облысының тумасы. Ол кім?
Қазақтың тарихы жайлы көркем тілмен сыр шерткен жазушы болашақ әйелін опера театрында кездестірді. Аяғынан ауыр жарақат алып, таяққа сүйеніп қалған қаламгерге Әділет министрінің қызы Диляра Жүсіпбекова ғашық болып, жанындай жақсы көрді. "Көшпенділер" жайлы сыр ақтарған жазушы өз әйелін өте қатты сыйлаған. Жүсіпбекова оған өзінің халық жауының қызы екенін айтқанда болашақ жолдасы: «Мен сені сүйемін, менің жарым болғаныңды қалаймын», — деп айтқан екен.
Диляра Жүсіпбекованың өмірлік серігі кім болған?

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
