Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Черчесов футболдан Қазақстан құрамасын Наурыз мерекесімен қазақша құттықтады

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс және Лихтенштейн құрамаларымен өтетін ойындар алдында футболшарға сәттілік тілеп, жанкүйерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Edgar Breshchanov / Global Look Press

"Қазақстан құрамасына алдағы іріктеу матчтарында сәттілік тілеймін! Өткен жылғы тәжірибеміз бен жаңа жаттықтырушылар штабының көзқарасы командаға жақсы нәтиже көрсетуге көмектеседі деп сенемін. Сонымен қатар осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық қазақстандық футбол жанкүйерлерін Наурыз мерекесімен және көктемнің келуімен құттықтаймын! Баршаңызға қуаныш пен жарқын сәттер тілеймін!", – деп жазды Черчесов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Уэльс пен Қазақстан арасындағы матч 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні, Астана уақыты бойынша 00:45-те Кардифте өтеді.



Еске салайық, Черчесов 2024 жылдың шілде айында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуі екіталай екенін, алайда қажет сөздерді білетінін айтты. Алайда ол баспасөз конференциясы кезінде журналистердің қазақ тіліне байланысты қойған сұрағына кідіріп қалды. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналисті мазақ еткені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл салынды.

Қазақстан футбол федерациясы оған мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіріп, айыппұл салынғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек ол журналистің қазақ тіліндегі сұрағына "сен французша сөйлеп тұрсың ба?" деп әзілдеген еді.

Талқылау