Standard Poor's "Фридом Финанс" брокерлік компанияларының кредиттік рейтингін көтерді
S&P Global Ratings агенттігі "Фридом Финанс" ИК ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және "Фридом Финанс" АҚ (Қазақстан Республикасы) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін "B-" -тан "B"-ға дейін көтерді. Болжам – "Тұрақты".
Сондай-ақ, агенттік екі компания үшін эмитенттердің қысқа мерзімді кредиттік рейтингін "В" деңгейінде растады және "Фридом Финанс" АҚ рейтингін ұлттық шкала бойынша "kzBB"-дан "kzBB +"-қа дейін көтерді.
"Халықаралық S&P Global Ratings агенттігінен ұзақ мерзімді кредиттік "В" рейтингін алу біз үшін аса маңызды кезең болды. Бұл біздің тұрақтылығымыздың, ашықтығымыздың және дамуымыздың тағы бір рет мойындалуы. Бүгінгі күні біз нарықта жүйелі-маңызды компаниямыз әрі клиенттеріміз үшін сенімді серіктеспіз. Оған біздің қызметіміздің нәтижелері дәлел болмақ. Біздің капиталдандыру қазір 3,7 миллиард АҚШ долларынан асады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге көп. Ең ірі шетелдік институционалдық инвесторлардың тарапынан бізге деген қызығушылық бұрынғыдай артуда. Біз клиенттерімізге күн сайын ең жоғары қызмет көрсету үшін, өз бизнес-процестерімізді жақсартып келеміз", - деді Тимур Турлов, СЕО, Freedom Holding Corp.
Агенттік Freedom Holding Corp. компанияларының пайданы генерациялаудың жоғары қабілетін көрсетуді жалғастырады.
"Ресей мен Қазақстанның бағалы қағаздар нарықтарына бөлшек клиенттердің қаражаты едәуір келгендіктен, Топ 2021 жылғы 31 наурызда аяқталған қазыналық жылы жоғары кірістілік көрсетті. Біздің түінгеніміздей, 2021 ж. бөлшек клиенттер операцияларының көлемі жоғары болып қала береді және біз бұл сегментте өсу кемінде 2022 жылы жалғасады ден күтеміз, - делінген S&P Global Ratings есебінде.
S&P Global Ratings бағалауымен, топ тәуекелінің профилі өткен жылдармен салыстырғанда жақсарды, себебі қазір портфель көбіне белгіленген кірістік құралдарына, атап айтқанда жай акцияларға емес, қазақстандық сувенирлік және квазисувенерлік облигацияларға бағытталған.
"Компаниялардың рейтингі бойынша "Тұрақты" болжамы топ келесі 12/18 айда бұл ретте капиталдандырудың кемінде бірқалыпты көрсеткішін сақтай отырып, пайданы генерациялаудың жоғары қабілеттілігін сақтайды әрі клиенттерді қызмет көрсетуге топ компанияларына ауыстыруды жалғастырады деген үмітімізді көрсетеді" - делінген агенттік есебінде.
Болжамды сипаттағы мәлімдемелерге қатысты ескерту
Бұл баспасөз-релиз "болжамды мәлімдемелерден" тұрады. Барлық болжамды мәлімдемелер белгіленбеген сипатқа ие және жағдайға байланысты өзгерістерге бейім. Болжамды мәлімдеме болашақ нәтижелердің немесе көрсеткіштердің кепілдігі болып табылмайды және бәлкім, болжамды мәлімдемелерде сипатталған немесе көрсетілетін оқиғалардан немесе нәтижелерден айтарлықтай айырмашылығы бар нақты оқиғалардың немесе нәтижелердің нәтижесінде туындауы мүмкін қауіппен және белгісіздікпен түйіндеседі. Мұндай болжамды мәлімдемелерге айтарлықтай әсер етуі мүмкін факторларға Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының және қор нарығы комиссиясында сақталатын Холдингтің мерзімді есептерінде анықталған белгілі бір экономикалық, коммерциялық және нормативтік тәуекел мен факторлар жатады. Барлық болжамды мәлімдеме осы баспасөз-релиз шығарылатын күнге ғана жасалған және Холдинг бұдан кейінгі оқиғаларды немесе жағдайларды көрсету үшін болжамды мәлімдемелерді жаңарту міндеттемесін өз мойнына алмайды. Оқырмандардың мұндай болжамды мәлімдемелерге шамадан тыс сенбегені жөн.
The Nasdaq Capital Market осы баспасөз-релиздің мазмұнын бекіткен жоқ және қабылдамауды жүзеге асырған жоқ.