Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұмша: экология министрі мәлімдеме жасады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен, Алматының ластанған ауасы жайлы пікір білдірді. Шенеунік қала экологиясын жақсарту үшін қандай шаралар қолданылатынын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тұман

Сурет: Леонид Рассказов

Желі қолданушылары Алматы тұрғындарының қаншама жылдар бойы лас ауамен тыныс алатынын алға тартуда. Қала тұрғындары парақшаларына тұмшаның жиегі көрінетін суреттерді бір-бірінен қалыспай жүктеп жатыр. 10 мыңнан аса адам оңтүстік астананың басшылығынан қала жағдайын тез арада жақсартуды өтініп, петицияға қол қойды. 

Осыған жауап ретінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter әлеуметтік желісінде TЭЦ-2-ні газға ауыстыру үшін немесе қажетті сүзгілерді орнату үшін техникалық-экономикалық негіздеме жасалынып жатырғанын мәлімдеді. 

"Президенттің бұйрығымен Алматыдағы атмосфералық ауаны жақсарту шараларының бірі ретінде ТЭН құрылып жасалынып жатырғаны жайлы ақпаратпен бөліссем деймін. Оның аясында екі нұсқа — газға ауыстыру немесе ТЭЦ-2-ге фильтрлерді орнату қарастырылып жатыр. ТЭН осы жылдың сәуірінде аяқталады. Жоба аяқталған соң, құны, техникалық мінездемесі, шығарылып жатқан заттардың азаюы және басқасы қоғамға айтылады", - деп жазды ол.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Ақпан, 2020 22:41
Талқылау