Ыстамбұлдағы терорлық жарылыстың негізгі ұйымдастырушысы Сирияда өлтірілді
Қараша айында Ыстамбұлда болған жарылыстың негізгі ұйымдастырушыларының бірі Сирияда залалсыздандырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркияның Ұлттық барлау ұйымы Сирияның солтүстігінде жүргізген арнайы операция барысында 2022 жылдың қарашасында Ыстамбұлдағы Истиклал көшесінде лаңкестік әрекетті жоспарлап, ұйымдастыруға белсене қатысқан лаңкес Халил Менджиді өлтірді.
Барлау агенттіктерінің хабарлауынша, Халил Менджи YPG (PKK лаңкестік тобының сириялық қанаты) мүшесі болған. Халил Менджи террорық әрекетті ұйымдастырған екі кінәлі – жарылғыш зат салынған сөмкені қалдырған Ахлам Альбашир Салеха мен Біләл Хасанға тапсырма берген.
Шабуылдан кейін YPG басшылары Сирия аумағында шабуылды ұйымдастырушыны жасыруға тырысты.
Бұған дейін полиция Ыстамбұлдағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 50 адамды ұстағаны хабарланған болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген