Солтүстік Қазақстанның шалғай ауылындағы кітапханашы өз дауысымен миллиондарды тәнті етті

Желіде Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Леонидовка ауылында тұратын 25 жастағы Юлия Коршунова кең танымалдыққа ие болды. Қарапайым кітапханашы қысқа уақыт ішінде миллиондаған қаралым жинап, ондаған мың жазылушыға ие болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аstanatv.kz-ге сілтеме жасап хабарлайды.
>Юлия танымал әндерге кавер орындап, өз бейнелерін әлеуметтік желіде жариялайды. Оның ерекше дауысы мен шынайы орындау мәнері тыңдармандардың ықыласына бөленіп, Қазақстанда ғана емес, шетелде де көрермен жинауына себеп болған.
Ауылдағы мәдениет үйінде орналасқан шағын кітапхананы төрт жылдан бері басқарып келе жатқан бойжеткен шығармашылықпен бос уақытында айналысады. Ол алғашқы видеоларын клубтың қазандық бөлмесінде түсірген. Бастапқыда өз еңбегіне сенімсіздік болғанымен, уақыт өте келе оның бейнелері миллиондаған қаралым жинап, жүздеген оң пікірге ие болған.
/>“Мен шын мәнінде бала кезімнен ән айтып, шығармашылықпен белсенді айналысамын. Өкінішке қарай, кәсіби түрде білім алмадым, бұл бағытта жұмыс істемедім. Барлығы – тек әуесқойлық, жан қалауы. Әндерді көп тыңдай келе, біртіндеп тәжірибе жинадым. Кей жерлерде әншілердің тыныс алуын байқап, бөліктерін үйрендім, бірақ өз стилім болмады. Тек қазір, 25 жасымда өзімдегі ерекше бағыттарды аңғарып келемін. Келер уақытта өзіммен жұмыс істеп, дауысымды тереңірек танып, оның мүмкіндіктерін білгім келеді”, – дейді ол.
Қазір ол өз дауысын жетілдіріп, жаңа бағыттарды іздестіріп жүр. Сонымен қатар орындаушы өз композициясын жазып жатыр.
Жас талант әрбір видеоны бірнеше рет қайталап түсіретінін айтады. Кейде ондаған видеоның ішінен біреуі ғана таңдап, жариялайды екен.
“Орындауыма өте талапшылмын, өзіме ешқашан толық көңілім толмайды. Кейде шығады, кейде шықпайды. Тіпті 30-40 видео түсіріп, соның бәрін өшіріп тастаймын. Солардың ішінен біреуі ғана лайықты болып шығады. Кәсіби деңгейде болмаған соң, қалай дұрыс істеу керегін білмеу кедергі келтіреді. Әрине, бәрін үйренгім келеді”, – деді ол.
Сондай-ақ Юлия әртүрлі тілдерде ән орындауға тырысады. Қазақ тілін толық меңгермегенімен, оны үйренуге ерекше көңіл бөліп жүргенін жеткізді.
"Қазақ тілін, өкінішке қарай, еркін меңгермегенмін. Түсінемін, бірақ жауап беруге қиналамын. Қате айтып қоям ба деп қорқамын. Қазақ тілін үйрену үшін түпнұсқа орындауларды мұқият тыңдаймын. Бұл тек қазақ тілі емес, француз, ағылшын, украин тілдеріне де қатысты. Өйткені адамдар тыңдайды, сондықтан барынша мұқият болуға тырысамын”, – деді ол.
Қазір оның шығармашылығына музыкалық лейблдердің де қызығушылығы артқан. Алайда ұсыныстардың бірінен бас тартқан. Сонымен қатар ол “Песни от всей души” телебағдарламасына шақырту алып, мамырда Мәскеуге баруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Юлия Коршунова әзірге үлкен сахнаны мақсат етпейтінін, тек өз тыңдармандары үшін және жан қалауы бойынша ән айтатынын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін "Ем казы и баурсаки, потому что мы казахи" деп әндеткен бүлдіршін Қазақстанды ғана емес, өзге елдерді де жаулап жатқаны хабарланған еді.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді