Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Спортты дамыту курсы: Қостанай облысы көшбасшылықты нығайтуда

артспорт

Қостанай ауданында 30 мыңнан астам адам дене шынықтыру және спортпен айналысады, бұл аудан халқының 42 пайызын құрайды.

2024 жылдың мамыр айында Қостанай ауданының Заречный ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі заман талабына сай бұл нысан белсенді өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін маңызды орталыққа айналды. Мұнда ұлттық спорт түрлерінен және жекпе-жектерден жаттығулар өткізіледі, сонымен қатар заманауи спорт залы жұмыс істейді.

Ауданда инклюзивті спортқа да ерекше көңіл бөлінеді. Үшінші жыл қатарынан Заречный ауылында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың тиімді әдісі — иппотерапияға арналған жабық манеж табысты жұмыс істеп келеді.

Аудан аумағында футбол, волейбол, жеңіл атлетика және бокс секциялары ұйымдастырылған спорт кешендері жұмыс істейді. Бұл залдар бос уақытында мемлекеттік қызметшілер мен мүгедектігі бар адамдарға да қолжетімді. Ауданда кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да қатысатын аудандық және республикалық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Қостанай ауданы өз чемпиондарын мақтан тұтады. Аудан спортшыларының арасында дзюдо, жекпе-жек самбо, джиу-джитсу, гір көтеру спорты, парапауэрлифтинг және басқа да спорт түрлерінен Азия ойындарының, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар.

Аудан жетістіктерінің артуын спорттық табыстар айқын көрсетіп отыр: 2022 жылы Қостанай ауданы облыстық жазғы спартакиадада 9-орын алса, 2024 жылы аудандар арасында 1-орынға, барлық өңірлер арасында 2-орынға көтерілді.

Алда үлкен міндеттер тұр. Ауданда спорттық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау және халықты салауатты өмір салтына кеңінен тарту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарланып отыр.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 09 Мамыр, 2025 15:04
Талқылау