Спортшыларымыз стенд атудан Азия кубогінде тағы да үздіктер қатарынан көрінді
Стенд атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінде бірнеше медаль жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ҰОК
Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогінде Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты. Ерлер арасындағы "дубль-трап" бағдарламасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин және Никита Чикулаев қорғады.
Владлен Калимулин "дубль-трап" бойынша жекелей сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ, "трап" санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді.
"Трап" жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почиваловадан құралған Қазақстан командасы қола медаль еншіледі.
"Трап" жаттығуынан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы (Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов) күміс медаль иеленді.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
