Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спортшы Илья Ильин мен оның екінші әйелі гендер пати өткізді

Танымал спортшы, ауыр атлет Илья Ильин әке атанатынын айтып, қуанышты жаңалықпен сүйіншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Илья Ильин мен жұбайы Татьяна болашақ сәбиінің жынысын анықтады. Спортшы ұлды болатынына сенімді болған. 

“Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышымен бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ерлі-зайыпты ғана болмаймыз. Құдай отбасымызға береке әкелді! Біз ата-ана боламыз! УДЗ-да ұл деп көрсеткендіктен, екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық. Баламызды қай спортқа береміз деп дауластық, ат ойлап таптық, бірақ Құдайдың өз жоспары бар. ДНК тесті қыз болады деп көрсетті! Біз қатты таңғалдық, бірақ қуандық! Біз сені күтеміз біздің тәтті балапанымыз”, – деп әсерлі жазба жариялады спортшы.

Желі қолданушылары спортшыны қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

“Сендерге қарап көзіме жас келді”, “Шын жүректен құттықтаймын”, “Денсаулық, махаббат, бақыт тілеймін”, “Құттықтаймыз! Отбасыңа бақыт тілеймін”, “Қыздарыңыз аман-сау дүниеге келсін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында Илья Ильин екінші рет шаңырақ көтерді. Спортшының екінші әйелі –  Татьяна Гордиенко есімді кәсіпкер әйел. Ауыр атлет бұған дейін гандболшы Наталья Кулаковаға үйленіп, 2017 жылы ажырасып кеткен болатын.

 

Талқылау