Жәнібек Әлімханұлы Канеломен бірге әлемдік бокс рейтингіне енді
BoxLive Жәнібек Әлімханұлын бокстан ең белсенді әлем чемпиондарының рейтингіне қосты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы WBO белбеуіне иелік етеді. Оның жекпе-жектері арасындағы орташа белсенділік – 219 күн (белбеуін қорғаған жекпе-жектер). Осылайша спортшы 4-орынға тұрақтаған. Бұл көрсеткіш бойынша 202 күнмен кубалық Дэвид Моррель көш бастады.
Еске салайық, Дэвид Моррель 2022 жылдың қарашасында Айдос Ербосынұлымен жұдырықтасып, отандасымызды 12-раундта нокаутқа жіберген.
Рейтингте 2-орында Сауль "Канело" Альварес, 3-орында Девин Хейни тұр.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты

