Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министрінің резиденциясына ағаш отырғызып, келіссөз жүргізді

Фото: Ақордадан

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен шағын құрамда келіссөз жүргізіп, кейін оның резиденциясына ағаш екті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

“Тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттарын талқылады.



Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды”, – делінген хабарламада.

Қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Пәкістан премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш екті.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Пәкістанға мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған едік.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 15:01