"Арандатуға жол бермеңіздер": Қаза тапқан қазақстандық судьяның күйеуі қылмысқа қатысы барын жоққа шығарды

Германияда Қазақстан азаматын өлтірді деген күдікке ілінген Донцовтар шынымен Мәскеуде тұрып жатқаны анықталды. Анасы мен ұлы сонда жұмыс істеп жүр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оларды 112 арнасы анықтаған. Эксклюзивті кадрларда Александр Донцов көрсетілген. Ол қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, өзін жала жауып отыр деп мәлімдеді.
“Сіздер өте көп өтірік айттыңыздар. Өте көп жалған ақпарат тарттыңыздар. Арандатуға жол бермеңіздер. Адамдар жалған ақпаратқа сенбеңіздер”, – деді Александр Донцов.
Алайда 112 дереккөзіне сүйенсек, 2 ақпанда Александр мен Наталья Донцова Мәскеудегі Тергеу комитетінде түсініктеме берген. Наталья Донцова РФ Конституциясының 51-бабына сүйеніп, тергеушімен сөйлесуден бас тартқан.
Наталья Донцоваға қатысты Германияда қылмыстық іс қозғалған. Бірақ ол елден кетіп үлгерген. Көп ұзамай оның ұлы да Ресейге көшкен. Қазір Донцовтар Натальяның қарт анасымен бірге тұрып жатыр.
-
Екі қазақстандық Ресейде диверсия жасады деген күдікпен қамауға алынды
-
Алматыда "Кропаль" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деген күдікпен ер адам ұсталды
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылған еді. Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.
16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді. Кейін оның енесі мен күйеуіне іздеу жарияланды.
2025 жылдың Айгүлдің туған ағасы Қанат Сайлыбаев күдіктілер Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғанын хабарлады.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды