Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі теміржол қауіпсіздігіне кім жауапты?

размещение

“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ “Самұрық-Қазына” қорының басқаруымен экономиканың жүйе құраушы драйвері бола отырып, инфрақұрылымды терең жаңғыртуға және елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған ауқымды стратегияны іске асырып жатыр. 

“ҚТЖ” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов 35 жылдық тәжірибесі бар, қатардағы жұмысшыдан басшыға дейінгі жолдан өткен кадрлық теміржолшы.

Басқарма Төрағасының (қауіпсіздік жөніндегі) орынбасары Марат Шәкенов ҚР нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық стандарттарға, Компанияның жергілікті актілеріне сәйкес қозғалыстың операциялық қауіпсіздігін басқару жөніндегі мәселелерге жетекшілік ете отырып, “ҚТЖ” ҰК” АҚ компаниялар тобы бойынша қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіруді, ұйымдастыруды, үйлестіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ оған төтенше жағдайлар кезінде шаруашылықтар мен іс-қимылдарға басшылық ету; жедел штабтардың, барлық бөлімшелердің жедел шешім қабылдау мен дағдарыс салдарын азайту және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасау үшін жұмыстарын үйлестіру; штаб қатысушылары мен сыртқы қызметтер арасында нақты байланысты қамтамасыз ету; оқиға салдарын оқшаулау бойынша жедел шараларды ұйымдастыру бекітілген.

Сондай-ақ, оның жауапкершілігіне ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігі департаменті, “ҚТЖ” ҰК” АҚ Даму стратегиясына, жетекшілік етіп отырған еншілес ұйымдар регламенттері мен саясатына сәйкес “ҚТЖ – Жүк тасымалы” ЖШС, “ҚТЖ” ҰК” АҚ – “Жол диагностикасы орталығы” филиалы  бекітілген.  Бұл шамамен 45 жылын салаға арнаған теміржолшы. Қазақ көлік және коммуникация академиясын (ҚазККА) “Локомотивтер” мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ РФ Президенті жанындағы РАНХиГС-да DBA біліктілігі бар. 

Еңбек жолын 1982 жылы Аягөз локомотив депосында бастаған. Машинист, машинист-нұсқаушы болып жұмыс істеді және локомотив шаруашылығында басшылық қызметтер атқарды. 2013 жылдан бастап “ҚТЖ” ҰК” АҚ-да жұмыс істейді, онда департамент директорынан басқарушы директорға және басқарма төрағасының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Басқарма Төрағасының (инфрақұрылым бойынша) орынбасары Мұрат Төрегелдин магистральдық теміржол желісі инфрақұрылымын дамытуға; магистральдық теміржол желісі объектілерінің қажетті техникалық жарақтандырылуын, тиісті жай-күйі мен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруға; жаңа теміржол желілері құрылысын және басқа да мәселелерді үйлестіруге жетекшілік етеді. 

Жалпы жұмыс өтілі 20 жыл, оның ішінде теміржол саласында 8 жылдан астам. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды экономикалық университетін және Ланкастер университетін (The University of Lancaster, Ұлыбритания) “Болашақ” бағдарламасы бойынша бітірген. 

Құқықтану, халықаралық бизнес және корпоративтік құқық магистрі дәрежесіне ие, М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің (бұрынғы Қазақ көлік және коммуникация академиясы) “Логистика” мамандығы бойынша докторанты (PhD) болып табылады.. Президенттік жастар кадр резервінде тұр. 

Басқарма Төрағасының (логистика бойынша) орынбасары Ерлан Қойшыбаев - оның басшылығымен ҚТЖ логистикалық блогы елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға және мультимодальды тасымалдарды дамытуға бағытталған. 

Ол American University in Dubai қаржы және банктік іс бакалавры, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА логистика бакалавры және ҚазМЗУ заңгері дәрежесін қамтитын іргелі академиялық базаға, сондай-ақ РФ Президенті жанындағы РАНХиГС-те алған MBA біліктілігіне ие. 

“KTZ Express” АҚ (Ұлттық мультимодальды көлік-логистикалық компания), “Кедентранссервис” АҚ (Қазақстандағы және шетелдегі логистикалық терминалдардың ірі операторы), Қазақстанның батыс қақпасы болып табылатын Ақтау (Ақтау халықаралық теңіз сауда порты АҚ) және Құрық (Құрық порты ЖШС) порттары қызметіне жетекшілік етеді. 

Басқарма Төрағасының (цифрландыру бойынша) орынбасары Әнуар Ахметжанов цифрлық трансформация жобаларына жетекшілік ете отырып, АТ және телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды, оның ішінде ҚТЖ компаниялар тобындағы пойыздар қозғалысын басқару жүйелерін дамыту жөніндегі стратегиялық бастамалар мен жоспарларды айқындаумен және іске асырумен айналысады, жолаушылар тасымалына, темір жол процестерін оңтайландыруға және басқа да мәселелерге бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге жауап береді. 

Оның айтарлықтай басқару тәжірибесі бар. ҚТЖ-ға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды. Джонс Хопкинс Университетінің (АҚШ) түлегі бола отырып, энергетикалық ресурстар және халықаралық қаржы бойынша магистр дәрежесіне ие, бұл цифрландыруға техникалық және экономикалық тәсілдердің үйлесімін қамтамасыз етеді.

Өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директор Бауыржан Орынбасаров Компанияның бірқатар стратегиялық мәселелерімен айналысады, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей: тасымалдарды үйлестіру, инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігі мәселелері, жүктерге басымдық беру және экспорттық, транзиттік және ішкі маршруттарды теңгерімдеу. Теміржол саласындағы жұмыс тәжірибесі 35 жылдан асады. Қатардағы қызметкерден Компанияның топ-менеджеріне дейін жол жүріп өтті, бұл оған саладағы жұмыстың ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді. 

Еңбек жолын теміржолда 1991 жылы жүк және багажды қабылдап-тапсырушы лауазымында бастаған. Бұдан әрі жұмыс кезеңінде Компанияның негізгі бөлімшелерінде, соның ішінде Қарағанды мен Алматы жол бөлімшелерін қоса алғанда, “Магистральдық желі дирекциясында" басшылық лауазымдарды атқарды, бірнеше рет Компанияның бас инженері, оның ішінде компанияның Вице-президенті лауазымында қызметте болды. 

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын (Қазіргі ҚазАТК) “Тасымалдау үдерістерін басқару” мамандығы бойынша бітірген, РФ Президенті жанындағы РАНХиГС-те алған ЕМВА дәрежесіне ие, бұл оның логистика мен теміржол саласын пайдаланудағы саралауының негізі болды.

Бас инженер Рамазан Садырқұлов өз қызметінде теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның техникалық-технологиялық дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын Компанияның Техникалық саясаты тұжырымдамасын іске асыру мәселелеріне жетекшілік етеді. 

Өндірістегі персоналды қорғаудың жоғары стандарттарының сақталуына кепілдік бере отырып, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жүйесін басқаруды қамтамасыз етеді. Темір жол машиналарын жасауды дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында темір жолы өнімдерін өндіруді жергіліктендіруді және импорт алмастыру деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Теміржол өнімдеріне техникалық реттеу және техникалық регламенттердің, мемлекетаралық стандарттар талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. Төменкөміртекті даму, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігінің кешенді бағдарламаларын енгізу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді. Бұдан басқа, ол еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру бойынша басшылықты жүзеге асырады.

Теміржол көлігінде ол 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, оның ішінде бейінді білімі бар. Оның артында - М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын “Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер” мамандығы бойынша; Алматы энергетика және байланыс университетін “Энергоэнергетика” мамандығы бойынша (электр энергетикасындағы техника және технология бакалавры дәрежесі); КазМЗУ Бизнес мектебін – МВА (іскерлік әкімшілендіру магистрі) білімі бар. 

ҚТЖ – бұл үлкен өндірістік тәжірибесі бар команда басқаратын қуатты құрылым. Инфрақұрылымдық оператор моделіне көшу және ашық цифрлық құралдарды енгізу компанияны әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекеттің сенімді және табысты активіне айналдырады. Бұған еншілес компаниялар мен бөлімшелер үлкен рөл атқарады, соның ішінде: 

KTZ Express – негізгі халықаралық көлік бағыттары бойынша контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруға маманданған, тармақталған терминалдық желісі, оның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі Khorgos Gateway Құрғақ порты, сондай-ақ теңіз кемелерінің жеке флоты бар ұлттық мультимодальды көлік-логистикалық компания; 

“Кедентранссервис” АҚ – Қазақстан Республикасы аумағында да, одан тыс жерлерде де кең географиясы бар мультимодальды логистикалық терминалдардың тармақталған желісіне ие Қазақстан Республикасындағы логистикалық терминалдардың ірі операторы.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ – халықаралық, облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы жолаушылар темір жол тасымалының жетекші ұлттық операторы, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын және багаж бен жүк-багажды тасымалдауды қамтамасыз етеді; 

“ҚТЖ – Жүк тасымалы” ЖШС: жүктерді тасымалдауды, әскери және арнайы тасымалдарды орындауды, сондай-ақ локомотив паркін басқаруды қамтамасыз ететін негізгі актив;

“Қазтеміртранс” АҚ – Қазақстандағы жүк вагон паркінің ірі операторы; вагондарды тасымалдаумен, жөндеумен және жаңғыртумен айналысады;

“Вагонсервис” АҚ – жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге маманданған; 

“Теміржолсу” АҚ – теміржол көлігі объектілерінде сумен жабдықтауға және су бұруға жауапты мамандандырылған еншілес кәсіпорын. компания инфрақұрылымның санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қолдайды және су ресурстарын талап ететін ҚТЖ өндірістік объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді; 

Ақтау және Құрық порттары Қытай мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) негізгі нүктелері.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 18:47