Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нығматулин: Ақышев, нақты жауап бер дегенді түсінесіз бе, бізге лекция оқымаңыз

Ұлттық банк төрағасы бүгін бірақ теңге бағамы үшін емес, сол валюта нарығын реттеуге қатысты біраз сын естіді. Мәжіліске валюталық рететуге қатысты екі заң жобасын алып келген Данияр Ақышевты депутаттар сан сауалмен қыспаққа алды. Тіпті бас банкир төменгі палата төрағасынан бірнеше рет ескерту алды, депхабарлайды КТК арнасының сайты.

Фото matritca.kz

Расында да бүгін мәжілісмендер Ұлттық банк төрағасының жауабына көңілдері толмай, бірінен кейін бірі сұрақтарын қойып жатты. Бастапқыда төменгі палата спикері Ақышевқа «ұзақ сөйлейсіз, бізге лекция оқымаңыз»  деп ескерту жасады.

Ал депутат Геннадий Шиповских сөз алғанда, отырыста нағыз тартыс басталды. Ақышев Сақтандыру туралы заң жобасын әзірлегенде Шиповскихты бірақатар ұсынысына құлап аспай қойыпты. Сондықтан депутат бүгін сақтандыру компанияларына арналаған жаңа талапты тағы қозғады. Бірақ Ақышев бұл сұраққа бірден қарсылық білдіріп еді, осы кезде спикер араша  түсті. Сонымен, мәжілістегі үшеудің арасындағы диалог мынадай болды.

“Сақтандырушылар сіздердің  нормаларыңызды орындай отырып қосымша шығын шығарғанын мен көріп отырмын. Яғни, бағаны қымбаттата түседі. Осыған байланысты сіз өзіңіздің заң дайындаудағы логикаңызды түсіндіріп беріңізші?”, – дейді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

“Жоо-жооқ, кім, Данияр Талғатұлы осы Мәжілістің отырысының төрағасы бар. Біздің регламент бойынша Мәжілістің төрағасы бақылауға алып отыр. Ол сұраққа жата ма,  жатпай ма, сіз оған баға бермеңіз. Тікелей сұраққа жауап беріңіз”, – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

-Жоқ, нақты деген сөзді түсінесіз бе? Түсінбесеңіз, Геннадий Геннадиевичке барыңыз, аударып береді.

Валюталық қатынас туралы заңда Қазақстаннан шетелге заңсыз ақша алып кетіп жатқандарға қарсы күресті күшейту туралы жазылған.  Ол үшін Ұлттық банк Мемлекеттік кіріс  комитеті және аймақтардағы департаменттермен тығыз байланыс орнатып, ақпарат аламаспақ.

“Ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелеріне неге ерекше назар аударылады? Себібі, капиталдың әкетілуін бақылауды заңның нормаларымен ғана қамтамасыз ету мүмкін емес. Капиталды әкету заңсыз жолмен, немесе заңды келісімдер арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Тікелей шектеу шаралары адал кәсіпкерлердің инвестициялық ақуалын және бизнес жағдайын нашарлатуы мүмкін”, – дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Тағы оқыңыз: 

Ақышев теңгенің әлсіреуіне қатысты: асығыс шешім қабылдамаңыздар

Теңге бағамы құлдырап барады: Айырбас нүктелерінде доллар бағасы қанша?

Аузына келгенін айтады: “Бақытты әйел” бағдарламасының редакторы жүргізушілердің эфирден тыс қандай екенін айтты

Талқылау