Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Спагеттиге ұқсайды": Жағажайда серуендеп жүрген әйел "өзге ғаламшарлық" өсімдік тауып алған

Батыс Австралия жағажайында жергілікті тұрғын "өзге ғаламшарлық" тіршілік иесін байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Батыс австралиялық әйел Перт қаласынан солтүстікке қарай 1 сағат 20 минуттық жерде орналасқан Ледж-Пойнт жағажайында серуендеп келе жатып, құмнан шығып тұрған "өзге ғаламшарлық" тәрізді теңіз өсімдігін байқап қалған. Медузаның шатырларына ұқсайтын қалың ақ резеңке жіптер тәрізді белгісіз заттар құмнан шығып тұрған.

“Ледж-Пойнт жағажайында табылды. Кейбіреулері шоғыр түрінде, ал кейбіреулері құмнан жеке жіп күйінде шығып тұрды. Маған және балаларым қызық, бұл не екенін кім біледі?" – делінген әйелдің желідегі жазбасында. 

Желі қолданушылары жұмбақ заттардың не екені туралы өз болжамдарымен бөліскен. Әйел желіде қайта жазба жариялап белгісіз тіршілік иесінің күнге ағарып кеткен өлі балдырлар екенін анықтағанын айтты.

"Google Image арқылы көптеген іздеулер мен осы жауаптардың бірнешеуінен кейін бұл заттардың су астында болмағандықтан күн сәулесінен ағарып кеткен теңіз балдыры болуы мүмкін деген қорытындыға келдім", – делінген жазбада. 

Талқылау