AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ForteBank-тің кредит рейтингін «Тұрақты» болжамымен «ВВ-» бағасына дейін көтерді

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді кредит рейтингін "В+" бағасынан "ВВ-" бағасына дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам — "Тұрақты". Сонымен қатар, аталған агенттік қазақстандық ұлттық шкала бойынша банктің рейтингін "kzBBB+" бағасынан "kzA-" бағасына дейін көтерді. 

S&P Global Ratings пайымдауынша, ForteBank-тің капиталдандыру көрсеткіштері нығая түсті. Ендігі кезекте банк капиталдың елеулі қорын қолдай отырып, өз жұмыс жүргізеді және актив көлемі жөнінен қазақстандық ірі бес банктің қатарына қосылуын жалғастырады. 

S&P Global Ratings агенттігі жариялаған мақалаға сәйкес: "Бөлшек бизнес пен корпоративті клиенттер бойынша және тұрақты жаңа бизнесті жасау бойынша әртараптандыру - кредит және депозит портфелдерінің теңгерімділігі арқылы банктің нарықтық позициясын нығайтады деп ойлаймыз (кредит берудің болжамды өсу қарқыны — 10-15%). 2021 жылы банк бірлестірілген есепте 64 млрд теңге (шамамен 160 млн долл.) мөлшеріндегі таза табысты көрсетіп өтті. Бұл оның орта жеке капиталының (return on average common equity — ROAE) 23,7% деңгейіндегі рентабелділігіне сәйкес келеді. Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарына сәйкес жасалған есептілікке сәйкес, 2022 жылдың алғашқы бес айы бойынша банктің таза табысы шамамен 30 млрд теңгені құрады. Осылайша біз 2022 жылдың барысында да банктен тұрақты табысты өндіруін күтудеміз, бұл ретте ROAE коэффициенті шамамен 20% құрайтын болады".

Сонымен қатар, агенттік банктің басшылығында жуырда орын алған өзгерістер стратегияны жүзеге асыруға әсер етпейді  деген болжам жасайды: "Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бекжан Пірматов банк менеджменті құрамында бірнеше жылдан бері болды. Өкілеттіліктер ойдағыдай тапсырылды, сол себепті бұл өзгерістер бизнестің даму қарқының төмендеуіне немесе ағымдағы стратегияның өзгеруіне алып келмейді, сондай-ақ ForteBank-тің бақылаушы акционері Болат Өтемұратов банктің ағымдағы стратегиясының жүзеге асырылуын толық қолдайды деген ойдамыз".

S&P Global Ratings пікірінше, соңғы бес жылда берілген проблемалы кредиттердің мәселесін реттеуде ForteBank елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Банк 2020 жылы орын алған пандемия әсерінен проблемалы кредиттер үлесінің артуына тап болуына қарамастан, агенттік 2022-2023 жылдары банк активтерінің сапасы жақсаратындығына үміттенеді: "Проблемалы активтердің мөлшері 2021 жылы қысқарды. Осылайша, сипаттамасы 3 Кезеңге сәйкес келетін кредиттердің үлесі кредит портфелінің шамамен 11% құрады, яғни 2020 жылдың соңы жағдайы бойынша 26%-тен төмендеді. Біздің болжауымызша, ForteBank-тің 2022 жылы резервтеу бойынша шығындары жоғары қалпында қалады, бірақ банк секторы бойынша орта деңгейден (шамамен 2%) асып түспейді. Бұл күрделі операциялық талаптармен және қарыз алушылардың кредитті өтеу қабілеттілігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Инфляцияның күрт өсуі, Ресей мен Украина елдері арасындағы шиеленістің әсерінен сауда және логистикалық тізбектің бұзылуы қарыз алушылар тарапынан төлем тәртібінің төмендеуіне, қор қаражатын қосымша қажет етуге алып келуі мүмкін. Алайда, Қазақстанның сыртқы активтерінің экономикалық көрсеткіштері қолайлы, сол себепті актив сапасының төмендеуі орын алса да, бұл құбылыс біршама тұрақты және уақытша болады деген ойдамыз".

"S&P Global Ratings агенттігінің рейтингті көтеруі ForteBank таңдаған стратегияның тиімділігін растайды. Бұл стратегияның астарында салмақты, консервативті кредит саясаты, өнімдерді және қызметтерді цифрландыру, олардың негізінде бөлшек және бизнес клиенттер үшін экожүйені құру жатыр. Біздің бизнес-модель өзінің тұрақтылығын көрсетті, яғни соңғы 3-4 жылдың ішінде көрсеткіштеріміз тұрақты түрде өсуде. Біз сабақтастық бағытын ұстанамыз, сонымен қатар, бөлшек нарық, ШОБ және ірі бизнесті қоса алғанда барлық сегментте жұмыс істейтін классикалық, сенімді әрі әмбебап банк ретінде қаламыз", – деді ForteBank басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бекжан Пірматов. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр