Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады

Басы дауға ғалған Төреғали Төреәлі өлең арқылы халықтан кешірім сұрады.

Павлодарда өткен концертте ерсі сөз айтып, басы дауға қалған Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында өлең жазып, халықтан кешірім сұрады.

“Сөз беремін, мен енді өзгеремін.
Отаным жоқ өзіңнен өзге менің.
Төз дегенің, еліңнен оз дегенің,
Сол менің көздегенім.
кешірім сұрағаным
Өз арым, өз беделім!”, – дейді әнші.

“Өзіңді өзің түсірме, жігіттің сұлтаны”, “Сендей талант жоқ əндеріңді сүйіп тыңдаймыз, даусың керемет. Көре алмағандардың ісіне мəн бермеңіз. Асылға қанша лас жаққанменен саф алтын шын талант сол күйінде қалады, сіз де сондайсыз. Тек алға Төреш тума талант”, деп жақтады әншінің тыңдармандары.

“Артық кеттің ғой көп жерде”, “Ақтала бермеңіз, барібір ешкімнің ойы өзгермейді. Кандай екеніңізді көрсеттіңіз. Алладан тек жұлдыз ауруынан айығуды сұраңыз!”, – дейді желідегілердің екінші тобы.

Тағы да оқыңыз:

Мазақ болма, қазақ: Мұрат Әбенов имамдар мен голливуд жұлдыздарының суретін сынға алды

Айсәуле Бақытбек қымбат көлік мініп, бағалы сөмке ұстайтын инстаграм жұлдыздарының түкке тұрмайтынын айтты

Өзі жайлы ақпараттан шаршаған Төреғали журналистерге арнап бейнебаян түсірді (видео)

 

Талқылау