Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Союз МС-13" ғарыш кемесі Қазақстанға қонды

"Союз МС-13" ғарыш кемесінің ұшу аппараты Қазақстанға қонды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі. 

ғарышкерлер

Ғарыштан Жерге ресейлік Александр Скворцов пен АҚШ азаматшасы Кристина Кук пен итальяндық Лука Пармитано оралды. 

Ресейдің "Роскосмос" ұйымының жетекшісі Дмитрий Рогозиннің мәліметінше, экипаж мүшелерінің жағдайы қанағаттандырарлық екен.

Ғарыштағы станцияда ресейлік Олег Скрипочки мен американдық Эндрю Моргана және Джессики Меир өз жұмыстарын жалғастыруда. 

Ғарыш аппараты Қазақстанның Жезқазған қаласының маңына түсіпті. 

Атап кетерлік жайт, американдық Кристина Кук ғарышта ең ұзақ болған әйел ретінде рекорд орнатты. Бұған дейін бұл рекорд 2017 жылы басқа американдық әйел Пегги Уитсонға тиесілі болған. 


Ғарыш туралы қызықты мәліметтер

Талқылау