Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Совет Брюс Лиінің" жұмбақ өлімі: Актер, каратист Талғат Нығматулинге не үшін қастандық жасалды?

Кеңес дәуіріндегі ең табысты "ХХ ғасырдың қарақшылары"  фильмінде басты рөлді сомдап, жұлдыз болған Талғат Нығматулин сектадағы серіктестерінің қастандық жасауымен қаза болған еді. Дегенмен бұл өлімнің әлі де болса ашылмаған сырлары көп. 

талғат нигматулин

1985 жылдың ақпан айында Талғат Нығматулин қастандық құрбаны болды. КСРО кино әлемінің нағыз шоқ жұлдызының өлімі талайды есеңгіретіп кетті. Дарынды әрі сұранысқа ие актер шығыс діни ағымының арбауында кетіп қалған. Соңында сол сектадағы серіктестері өлімінің себепшісі болды.

Актердің балалық шағы

Талғат Нығматулин 1949 жылы наурыз айында Қырғыз КСР-де дүниеге келген. Балалық шағы Орта Азиядағы соғыстан кейінгі кезеңмен тұспа-тұс келіп, қиын күндерді бастан өткерген. Оның үстіне екі жасында әкесі қайтыс болып, балалық шақтың қызығын көре қоймаған. Талғат әлсіз әрі аурушаң бала болған, бірақ үнемі спортпен шұғылданудың арқасында денсаулығын қалыпқа келтіреді. 60-шы жылдардың соңында КСРО-да шығыс жекпе-жегі - карате жастар арасында кең танымалдылыққа ие болады. Талғатты бұл спорт түрі бірден қызықтырады. Кейінірек ол дәл осы спорттың хас шебері болып, қатарластарынан оқ бойы озық тұруының арқасында өзінің атақты рөлін сомдау бұйырады.

18 жасында Нығматулин Мәскеуді бағындыруға келеді. Алайда, Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтына (ВГИК) бірінші реттен түсіп кету мүмкін болмайды. Сөйтіп Цирк училищесінде оқуға разы болуға тура келді. Бірақ екінші жылы емтиханнан өтіп, ол ең беделді оқу орындарының бірінің студенті атанды.

талғат нигматулин

Алғашқы рөлдері

Нығматулиннің мансабы өте қарқынды дамыды. Ол истернадан (американдық вестерннің кеңестік аналогы) тұрақты түрде рөл алып тұрды. Сондай-ақ студенттік жылдары "Оның аты — Көктем" фильмінде басты рөлді сомдады. Фильм кассалық прокаттың хиті болмаса да, Нығматулин көзге түсті және ол кезде әріптесі танымал актер Ефим Копелян болған еді.

1979 жылы "ХХ ғасырдың қарақшылары" атты фильмі шықты. Картина батыс экшн-фильмінің классикалық стандарттары бойынша түсіріліп, ең табысты фильм болды. Фильм кеңестік прокаттың көшін бастап, ең табысты кеңестік лента ретінде тарихқа кірді.

Харизматикалық каратэ зұлымының рөлі Нығматулиннің "Советтік Брюс Ли" атанып, фильм жастар арасында карате танымалдығының өсуіне ықпал етті.

Секта

70-ші жылдардың соңында Бішкектің тумасы Абай Борубаев ерекше қасиетке ие Мырза Қымбатбаевты жолықтырады. Борубаев ықпалды номенклатуралық отбасынан шыққан, комсомолдық желі бойынша мансабын жасаған адам. Бірақ кейіннен Шығыс философиясына әуестеніп, адамның, оның ішінде мүмкіндігі ерекше адамдарды зерттейтін өз ғылыми зеттеу институты (ҒЗИ) құруды ойлады.

Мырзаның еш жерде жұмысы жоқ, қайыр сұрап, үсті алба-жұлба болып жүрді. Орта Азияда мұндай адамдарды көп ғасырлар бойы "девон" деп атады. Бұл құбылыстың ең жақын аналогы Ресейде "қасиетті ақымақтар" деген атпен танымал болды. Олар қарпайым халық болды, бірақ Алланың таңдаулылары ретінде ауруды емдеп, болашақты болжай алатындай қабілетке ие еді.

Абай Мырзамен танысқан соң іздеген адамы осы екенін бірден түсінді. Сөйтіп "ерекше қабілетке ие қарияға" қамқорлық көрсетіп жүрді. Абай жүрген жерінде оның ерекше қабілеттері туралы айтып, баяндап жүрді. Оның айтуынша қария емі қиын ауруларды арнайы техникалардың көмегімен емдей алады. Бұрынғы комсомолдық қызметкер Абайға бұндай қабілеттің тарихына елді қалай сендіру керектігін жақсы білді. Өтірік ғылым атын жамылып: энергетика, биоток және т.б. сылтауларды айтты.

талғат нигматулин

Алайда, Абай үшін бұл Ғылыми зерттеу институтын ашу орындалмайтын арманға айналды. Сөйтіп басқа жолға түсіп, Мырзаның оқырмандары мен жанкүйерлерін жинап, "Адам институтын" құруды көздеді.

Абай мен Мырзаның көптеген қалаларға сапары кезінде олардың айналасына оқырмандар қауымы жиналды. Брежнев дәуірінің соңында КСРО-ға әртүрлі йоганың экзотикалық шығыс ілімдері үлкен танымалдылыққа ие болды. Ерекше қабілтке ие қарт кісілер туралы әңгіме желдей тарады. Жазушылар, суретшілер, актерлер, театр режиссерлері, университет оқытушылары — Абай мен Мырзаның алғашқы ізбасарлары болды.

Қазасы

1985 жылы 11 ақпанда Талғат Нығматулиннің денесін Вильнюс пәтерінің бірінен дәрігерлер тапқан (кейбір деректер бойынша, Талғатты жедел жәрдем алып, ауруханаға бара жатып қайтыс болды). Үй иесі актерді көшедегі бұзақылар соққыға жыққан деп мәлімдеген. Алайда, тергеу барысында үй иесі Нығматулинді пәтерінде өлгенше ұрғанын айтып қойған.

Тергеушілер актерді өлтірген қандықол қарақшыларды ізін суытпай ұстаған. Оның ішінде Абай мен Мырзадан бөлек, бір сектада болған көшбасшылар болған. Олар Нығматулинді өлтіргендерін жоққа шығарған жоқ. Бірақ әлі күнге дейін нақты не үшін өлтіргені, сол түні не болғаны ашылмаған жұмбақ күйінде қалды. Танымал актер Талғат өліміне қатысты ел арасында тараған бірнеше болжам бар. 

талғат нигматулин Кек

Тергеушілер жасаған ресми ақпаратқа сәйкес Талғат Нығматулин секта басшысы Абай Борубаевтың бұйрығымен айтқанына көнбегені үшін өлтірілген. Алдымен сектанттар  Вильнюске жергілікті ізбасарлармен өзара мәселені шешуге жиналған. Абайдың әрекеттеріне көңілі толмағандар жаңа қауымдастықты құруды ойлаған. 

Абай, Мырза және бұрынғы мәскеулік оқытушы мен каратист Пестрецов және оның екі студенті, Седов пен Бушмакин Литва астанасына "тұмарды"  сатып кеткендерді бір жақты етіп, "оқу үшін қарыз болғандардан ақшаны қайтару" үшін келген. Ал Нығматулин кейінірек қосылған.   

Осы айтылғанның басқа нұсқасына сәйкес, Нығматулин сектадан кетуге тырысқан, бірақ үлкен табыс әкелетін "олжаны" жоғалтқысы келмеген Абай оны кетуге тырысқаны үшін өлтіруге бұйрық берген.

Алайда, бұл нұсқалардың екеуі де ойға қонымсыз. Біріншіден, актер өзін неге қорғай алмады. Оны байлап ұрмаған, қашып кетуіне болар еді ғой. Тіпті болмағанда, түндегі айқай шуға байланысты полиция келгенде Талғат жуынатын бөлмеге кеткен. Оның орнына құқық қорғаушыларға жай ғана өзін көрсетсе, қол-аяғы байлаулы болса, дауыстап көмек сұрауына болатын еді. Бұған қоса, карате шебері болған Нығматулин қарапайым қарсыластарын жеңе алатыны сөзсіз. Тіпті олардың көп болғанын ескерсек, Талғат оларға лайықты қарсылық көрсете алатын еді, бірақ олай істемеді. Адамның негізгі инстинктерін ешкім жоққа шығармайды, және көп сағаттық соққыға ерікті түрде төзу үшін шын мәнінде феноменальді мойынсұну керек. Бұған бірнеше сағат бұрын Нығматулин Абай мен Мырзаға ашық түрде қарсы шығып, олардың сектадан шыққандарды жазалауына мүмкіндік бермеген еді. Оның үстіне бүкіл бір сектаның белді мүшесіне қарсы шыққаны олардың Нығматулинге ықпалы соншалық мықты болмағанын, айтқанынан шықпай бағынбағанын білдіреді. 

Сектанттар арасындағы әңгіме конфликтке ұласқан соң Нығматулин өз жақтастарын алып кетпекші болған. Сонда сектанттардың әйелінің бірі оның бас киімін алып пәтеріне жасырып қояды. Кейін бас киімін алуға келген Нығматулинді Абай өлтіруге бұйрық береді. Олар Талғатты он сағат бойы өлімші етіп сабаған. 

Екіншіден, қылмыскерлер, тіпті, өліктен және осы сұмдық оқиғаның куәгерлерінен құтылуға тырыспағаны түсініксіз.

талғат нигматулин Жаза

Басқа нұсқа бойынша серіктестері Нығматулинді өлтіргісі келмеген, айтқанға көнбегені үшін өз келісімімен жаза ретінде ұрып-соққан. Бұл Нығматулиннің қылмыскерлерге неге қарсылық көрсетпейтінін, қашуға тырыспағанын және неге олар куәгерлер болған кезде оны ұрып соққанын түсіндіреді. Ұрыстан кейін Талғат полицияға барып, оған белгісіз бұзақылар шабуыл жасады деп айтуына болды. Сондықтан олар істің салдары туралы алаңдамаған да.

Алайда сектанттардың басшылығы артық қыламын деп тыртық қылды. Таңертең Нығматулин есінен айырылған кезде, олар қорқып, куәгер болған пәтер иесіне жедел жәрдем шақырттырып, бұзақылар туралы айтып беруін сұраған. Олар әккі қылмыскер болса, дәрігерлерді шақыртудың орына Нығматулиннің мүрдесінен құтылуды ойлар еді.

Арнау

Нығматулиннің қазасын түсіндіретін тағы бір болжам бар. Айтуларынша сектаның кезекті бір жөн-жоралғысын орындау мақсатында осындай оқиға орын алған. Сектада түрлі тәжірибелік жөн жоралғылар көптеп өткізіліп тұрған. Мысалы, медитация да, йога элементтері де, қазіргі "жеке тұлғалық өсу тренингтері" арсеналынан алынған тәжірибе де болды.

Кейінірек азаптаушылардың бірі тергеушілерге Нығматулин лауазымын жоғары деңгейге көтеру үшін төтеп беруі керек болған рәсім екенін сендіруге тырысқан. 

талғат нигматулин

Әрине, бұл қылмыскердің жауапкершіліктен жалтарып тұрғанын көрсетеді. Екінші жағынан, қылмыскерлердің бірі актердің өліміне себеп болғанын түсініп, тура мағынансында ақылынан алжасты. Бұл жағдай оның басшысының айтқанына бола қылмысқа бармайтынын көрсетеді.

Үкім

Абай Борубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеде туберкулезден қайтыс болды. Мырза Қымбатбаев 12 жылды арқалап кетті. Босатылғаннан кейін ол отанына қайтып оралып, данагөй қария ретінде бұрынғы өмірін қайта жалғады. Мырза 2006 жылы қайтыс болды. Владимир Пестрецов пен Игорь Седов 13 және 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Босатылғаннан кейін олар Мырзаның ізбасарларымен, журналистермен қарым-қатынас жасамады. Григорий Бушмакин тергеу барысында ақыл есінен алжасып жазадан құтылып кетті. Психиатриялық ауруханаға жіберілгеннен кейінгі тағдыры белгісіз. 

Талқылау