Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соттасқан қазақстандық жұлдыздар

Көрерменнің көзаймына айналған танымал тұлғалар әдетте әр қадамын аңдап басады. Ал абайсызда оқыс оқиғаға душар болса, кешегі жарқыраған жұлдызы бір мезетте көмескі тартып қала береді. Олай болса, бір кездері соттасып, басы дауға қалған жұлдыздарды еске алайық.

38_fb

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

2012 жылы Қайрат Түнтеков ақшасы мен көлігінен айырылды. Ол өзінің “Тайотасымен” “Лэнд крузер” машинасына соқтығысқан. Нәтижесінде бойжеткен ауруханаға түскен. Полиция қызметкерлеріне ұсталған Түнтековтың қалтасында ешбір құжат болмаған. Осыған орай, оны 40 тәулікке түрмеге қамады. 55 мың долларды қайтаруы керек болды.

Жақын күндердің бірінде “Тоқтама” атты бейнебаян ұсынған әнші бұл тақырыпты мүлдем қозғамауды жөн көреді. Бар болғаны, сол кезде өзіне тас лақтырған журналистерге қатты ренжіп жүргенін айтады.

Елді елең еткізген тағы бір жәйт спорт жұлдызының есімімен байланысты. Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев пәтерінен айырылды. Ол бір кездері бапкері әрі нағашы ағасына сыйға тартқан пәтерін даулаған болатын. Нәтижесінде сот шешімімен пәтер иелерінің меншігінде қалды. Ал оған кіріп алған Бақыт Сәрсекбаев пәтерін босатуға мәжбүр болды. Осылайша еліміздің көк туын желбіретіп жүрген Сәрсекбаев спорт залын сот залына айырбастады.

“Мешкей деген ат жақсы емес” дейді ғой. Бес күн өмірде дауласудың не қажеті бар? Мысалы, бір кісі сөзін жазады, екіншісі әнін, үшіншісі сол туындыны орындайды. Үшеуінің қосындысынан ән пайда болады”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

Ерекше образымен елге танылған Берік Тұрсынбеков аз уақыттың ішінде бағы жанып, тележұлдызға айналып шыға келді. Алайда көп ұзамай шатақ мінезімен жұртты қайран қалдырды. Жапа шеккен қыз тәртіп сақшыларына шағымданғанымен іс сотқа жетпеді. Бірақ осы сәтте Беріктің мансабына ғана емес, атына нұқсан келгені анық.

“Қазір жат елдік әуенді әкеліп, бізге аты-жөнін көрсетпей, әнді кішкене бұрмалап, қазақтың әні сияқты етіп жасап жатыр. Бұл – дұрыс емес. Кезінде осы мәселеге Фариза апамыз да ренжіп кеткен еді. Ол шетелдің әні болса да, сізге ұнап қалса да, сіз оның авторын көрсетуге міндеттісіз. Басқа елге қарағанда, Қазақстанда авторлық құқық сақталмайды. Оған қаламақы төленбейді. Авторлыққа тағайындалатын ақшадан қашады. Барынша бүркемелеуге тырысады”, – дейді Роза Әлқожа.

Жалпы өнер адамдары үшін авторлық құқық мәселесі өте маңызды. Дәл осы тақырып төңірегіндегі дау-дамайлар жетіп артылады. Қазақстанда авторлық құқық сақтала бермейтінін Айдос Сағат та растап отыр. Ол да өзінің авторлық құқығын қорғау үшін сотқа жүгінген болатын.

“Өкінішке орай, бұл мәселеге келгенде Қазақстан артта қалады. Бізде интеллектуалдық еңбек өте төмен бағаланады. Өлең шығарып, ән мен кітап жазып, миымен жұмыс істейтін адамдардың еңбегі өте төмен бағаланады. Менің бір танымал әнімді коммерциялық роликке пайдаланған екен. Оның менің әнім екені бірден көрініп тұр. Яғни олар менің арқамда табыс тауып отыр. Заңгерім дайындалып, бірнеше рет сотқа бардық. Олар да келді. Соңында біз жеңіске жеттік. Бірақ мұны жақсы үрдіс деп айта алмаймын. Оның үстіне сот біз сұраған ақшаның мөлшерін төмендетіп жіберді. Қазақстанда интеллектуалдық құқықтың бұзылуы қылмысқа жатпайды”, – дейді Айдос Сағат.

Соттасқан жұлдыздардың арасында Мақсаттың қызы Баян көш бастап тұр. Ол бір кездері өзінің суреттерін рұқсатсыз пайдаланған компанияны сотқа бермек болған. “Мен бір арықтауға арналған көк шай шығарушыларымен соттасқым келген. Бұл мәселені шешетін адамды жалдағанымда, ол мәселенің түп-тамыры Латын Америкасында екенін айтты. Яғни, мен соттасу үшін аталған елге ұшып баруым керек. Мұның бос дүние екенін түсініп, айналыспадым”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Индира Расылхан да орындаушылық құқығын қорғап, сотқа шағымдануға оқталғанымен, ол ойын іске асырмаған. “Мен ол қыздың айтарлықтай шығындалатынын білгендіктен, сотқа бермедім. Адамды аяйтын жақсы әдетім бар. Сол әдетімен бастым. Екеуіміз “Күзбен қоштасу” әніне таластық. Бірде whatsapp-бына “Жанар, есің бар қызсың! Авторлық құқықтың барлығы менде екенін ескер” деп жазып жібердім”, – дейді ол. Әнші жас әріптесінің бұл әрекетін өзіне пиар үшін жасалып отыр деп болжады.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев орыс тілінде ән айтты (видео)

Меруерт Түсіпбаева намысына тіл тигізген желі оқырманын сотқа бермек (фото)

Мөлдір Мұқанова өзін Тұрсынбектің ақшасын шашып жүр дегендерге жауап берді

Асхат Садырбай жантүршігерлік жол апаты туралы айтып оқырмандарын адамгершілікке шақырды

Талқылау