Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сотталған "Атамекен" экс-басшысы Абылай Мырзахметов екінші рет шартты түрде босатуды сұрады

Фото: Atameken

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы, алаяқтық және пара алуға шақырғаны үшін сотталған Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі Мырзахметовтың өтінішхаты келіп түскенін хабарлады.

"Шартынан бұрын босату туралы өтініш түсті, бірақ әлі қаралған жоқ", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

2024 жылдың мамырында Абылай Мырзахметов сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесті деген күдікпен алаяқтық және кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сот жабық есік жағдайында өтті.

Мырзахметов ісіне кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Талғат қатысты. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуға көмектесу үшін Мырзахметовке 30 миллион доллар (13 миллиард теңгеден астам) аударған.

Еске салсақ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 млн доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған еді. Сотта кінәсі дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке 7 млрд теңге қайтарылған еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 11:56
Талқылау