Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шәмші Қалдаяқов пен Латифа Хамидидің ұрпақтары авторлық құқық үшін төленетін қаламақысыз қалды

Алматыда “Қазақстан авторлары қоғамы құрамынан заңсыз шығарылдық" деген бір топ ақын-жазушылар мен сазгерлер әділдік сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

51 танымал тұлға авторлық қоғамнан негізсіз шығып қалдық дейді.

“Шығармаларымызды ылғи телеарналардан, радиодан естіп жатамыз. Сахналардан да орындалып жүр. Бірақ авторлар бірде-бір тиын алмаймыз. Ал олар әлі күнге дейін Авторлар қоғамында біздің ақшамызды басқарып отыр. 51 адамды заңсыз шығарып тастағанымен ісі жоқ”, – дейді мәдениет қайраткері Самат Мәлімбай.

Өнер адамдары өздеріне тиесілі қаламақыдан қағылып отырғанын айтады. 

“Бір жылға тарта уақыт болды. Мені Авторлар қоғамынан заңсыз шығарып тастады. Оның қандай себебі бар екенін де түсінбеймін. Белгілі композитарлар, жазушылар ұйымдасып, заң жүзінде авторлар қоғамын сотқа берсек пе дейміз. Тиісті қаламақысын ала алмайтынын болса, онда қазақтың өнері ары қарай не болатынына үлкен күмәнім бар”, – дейді танымал әнші, сазгер Алтынбек Қоразбаев.



Танымал тұлғалардан бөлек қазақстандық өнер қайраткерлері мен белгілі композиторлардың туыстары бас қосып, авторлық құқықтарын қорғады. Олар Авторлар қоғамының кінәсінен авторлық құқықтан айырылып қалғанын айтады. Арыз айтқандардың қатарында аты аңызға айналған Шәмші Қалдаяқовтың ұлы, Латиф Хамидидің ұлы, композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы бар.

“Біз әкем үшін қаламақы алып отырдық. Қанша екенін айтпаймын. Бірақ 2023 жылдың мамыр айынан бастап мен Авторлар қоғамынан шеттетілгенімді білдім. Бәрінен де не үшін екені қызық? Жала жапқаным үшін. Мен кімге жала жауып жазықты болғанымды білгім келеді”, – дейді Бақытжан Байқадамовтың қызы.

Бұған дейін Дана Орманбаеваны сотқа берген Баян Алагөзова журналистің кешірім сұрауын талап еткен еді.

Талқылау