Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ЭКСПО-2017" ісі: Сот Талғат Ермегияевке мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Фото_ kzenergy.kz Талғат Ермегияев

Фото: kzenergy.kz

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот алқасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айыпталушының қорғаушысы бұл шешімді өзгертіп, сотталушыны мерзімінен бұрын босату жөнінде жаңа сот актісін шығаруды сұраған. Алайда сот алқасы бірінші инстанция сотының қаулысының күшін жоюға негіз таппағанын мәлімдеді.

"Сотталушының өтінішін қарау кезінде процессуалдық және материалдық заң нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының жеке мінездемесі мен келтірілген шығынды өтеу мәселесіне тиісті баға берілген. Сондықтан сот алқасы бірінші инстанция сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырды", – делінген хабарламада.


"Мәсімов пен Қожамжаров тергеуге ықпал етті": Депутат Бәпи ЭКСПО ісі бойынша сотталған Ермегияевті заңсыз сотталды деп есептейді


Бостандыққа шыққан рэп-орындаушы Қаракесекті концертке кіргізбей қойды


Еске салайық, бұған дейін Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол қомақты көлемде пара алды деп айыпталған. Ермегиявтің түрме басшыларының арқасында емін-еркін шалқып өмір сүргені хабарланған-ды. Сондай-ақ оның колония ішінде жүріп тағы қандай тәртіп бұзғаны анықталды. "Экспо-2017" ұлттық компаниясының экс-төрағасы, жеке аспазшы жалдап, телефон ұстап қана қоймай, ресми әйелімен де және азаматтық некедегі жарымен де емін-еркін көрісіп тұрған. Оған қоса сотталушының заттарды бөлшектеп қораптайтын цехтың ішін жөндетіп, оны өзінің жеке пәтеріне айналдырғаны расталды. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының қорғаушысы Алла Котлова Талғат Ермегияевтің ісі соттан сұратып алынып, тексеруге жіберілгенін мәлімдеген еді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 10:12
Талқылау