Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот шешімімен келіспей, адамды "нокаутқа" жіберген белсенді бір жылға сотталды

Алматыда адамға шабуыл жасағаны үшін белсенді Санавар Закирова бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы бұзақылыққа денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін сотталған Санавар Закироваға қатысты аудандық соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды (ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі 5-тармағы).

Сот үкімімен Закирова 2020 жылдың 8 наурызында соттың моральдық өтемақы өндіру шешіміне наразы болып, талап қоюшының үйіне келіп, домофонға қоңырау шалған. Үйінде өзі болмаған соң қызын шығарған. 


Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Жол апатына себепкер бойжеткен бостандыққа шықты 


Сановар Закирова Ш. есімді жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтірген,  оған шабуыл жасап, ұялы телефонмен жәбірленушінің басынан ұрған. Закирова жәбірленушіні шашынан ұстап, басына жұдырықпен соққы бере бастады. Закированың іс-әрекетінің нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр зиян келтірілді, ол аурухана стационарында емделді, - деп хабарланды сотта.

Осы әрекеттері үшін сот Закированы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде (қоныс колониясы) 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Жаза тағайындау кезінде сот Закированың алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, сонымен бірге қылмыстың жеке адамға қарсы жасалғанын, жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілгенін, жәбірленуші Закированы кешірмегенін ескере отырып шешім шығарды. 

Талқылау