Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот сәбиді үш мәрте өз еркімен бас тартқан биологиялық анасына қайтарған

Қилыбаевтар отбасы осыдан бір жарым жыл бұрын бала асырап алған болатын. Бүгінде 2 жасқа толған сәбидің биологиялық анасы табылып, сот арқылы өзінің баласын қайтарып алмақ болды. Сот баланы биологиялық анасына қайтарып беру туралы шешім шығарды. Қоғам белсендісі Аружан Саин сәбидің асырап алған отбасында қалуы керектігін алға тартып, жоғарғы сотқа, президентке дейін хат жолдады.

0а0п

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Ана мен бала болашағына қатысты тартыс бір жақты шешімін табар емес. 2015 жылы Гүлжан Қилыбаева Бөбектер үйіне түскен сәбиді қамқорлығына алған болатын. Себебі, талай жылдан бері белгісіз себеппен құрсақ көтере алмай келген. Ол бауырына басқан бүлдіршіннен туған анасы бас тартыпты.

«Екі жас төрт айға келген бала қазір барлығын түсінеді, барлығын біледі. Баланы үйренген жерінен басқа отбасына алып кетсең, психикасы бұзылуы мүмкін. Баламды психолог мамандарға алып барып бірнеше рет сырластық. Біз баланың өмірі мен тағдыры үшін қатты уайымдаймыз. Осы баламыздың арқасында мен әйел, ана бақытын сезіндім. Күні-түні осы баланың тағдырына алаңдап жүрміз», – дейді Гүлжан Қилыбаева.

Гүлжан ханымның бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Оған баланы асырап алуға рұқсат берілгенімен, кенеттен баласынан бас тартқан биологиялық анасы пайда болған. Ақырында іс сотқа дейін жетіп, сот сәбиді өз анасына қайтару туралы шешімге келген.

«Кішкентай сәбидің анасы бірінші рет перзентханада, кейін екі рет балалар үйінде баладан өз еркімен екі рет бас тартамын деген құжатқа қол қойған еді. Бала балалар үйінде қалып, 5 айлық кезінде Бақыт пен Гүлжанның қамқорлығына өтті. Асырап алған ата-ана баланы емдеп, өз баласындай сүйді. Арада уақыт өте келе баланың құжатын ауыстырмақ болғанда, сот міндетті түрде биологиялық ананың сотқа келіп, баладан бас тартуын талап етті. Баланың анасының әпкесі баланы өз қамқорлығына алатынын айтып, асырап алған ата-анасына қарсы шықты. Ал сот биологиялық ананың құқығын қорғап шықты. Бұл жағдайда, ең бірінші, бала құқығы мен мүдделері қорғалуы тиіс. Кәмелеттік жасқа жеткен әйел бала құқығын бұзып, саналы түрде сәбиден бас тартып, ана қамқорлығы мен мейірімінен айырғаннан кейін өзге адамның баласын бауырына басып, қамқор болуға дайын ата-ана табылып тұрғанда, заң міндетті түрде асырап алған отбасыны қолдауы керек деп ойлаймыз. Заң жүзінде дұрыс шешім қабылданып, баланың құқығы қорғалады деп ойлаймыз», – дейді Гүлжан ханым.

Осылайша араға заңгерлермен бірге қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Сайын араласты. Ол өз кезегінде бүлдіршінді асырап алған ата-анасында қалдыру туралы бастама көтеріп, елбасына дейін хат жазды. Іс қайта қаралатын болды. Бұл істің қалай аяқталатыны көпшілікті алаңдатып отыр. Себебі, 2 жасар Жеңіс Гүлжан мен Бақытқа, ал ерлі-зайыпты асырап алған ұлдарына бауыр басып қалған.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты

19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін

Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді

Қазақстандық бақытты жұп отбасылық қиындықтарын қалай шешетіндерін айтты

Талқылау