Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Павлодар облысының бұрынғы әкімін мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қабылдамады

Павлодар қаласының №2 қылмыстық істер жөніндегі соты Павлодар облысының сотталған бұрынғы әкімі Болат Бақауовты мерізімінен бұрын бостау туралы өтінішін қарады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

2020 жылғы 19 желтоқсандағы заң талаптары негізінде Қылмыстық кодекстің 72-бабының 8-бөлігіне өзгерістер енгізілді, онда 3-тармақ ауыр және аса ауыр түрдегі сотталғандарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салуды белгілейді. 

"Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудың және мерзімін қысқартудың сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 6-тармағының 2-тармағына сәйкес тағайындалған жазаның мөлшері бойынша", Кодекстің 72-бабының сегізінші бөлігінде көрсетілген сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды.

"Заңда көрсетілген мән-жайларды және процеске қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот сотталған Болат Бақауовты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты", - делінген сот хабарламасында.

Соттың шешімімен келіспеген жағдайда сотталған және процеске басқа да қатысушылар оған апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасай алады.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың қазан айында Павлодар қаласының №2 қылмыстық сотына Павлодар облысының сотталған экс-әкімі Болат Бақауовтан арыз түскен.

2020 жылдың мамыр айында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов немере ағасының салық төлеуден жалтарған компаниясының қаржылық мүдделерін лоббирлеуге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған болатын.

Бұрынғы әкім өз кінәсін толық мойындау үшін прокурормен мәмілеге келіп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау