Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот орындаушысы Көкшетау тұрғынының пәтерін жасырын түрде арзан бағамен сатып жіберген

Көкшетауда жергілікті тұрғын Татьяна Михайлова "Көкшетау Азия" порталының тілшілеріне сот орындаушысына шағымданды, ол әйелдің жалғыз пәтерін алдын-ала хабарламай сатып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел қалалық банктердің бірінен 2,1 миллион теңге несие алғанын айтты. Ол жартысын төлеген, бірақ қалған миллион теңгені төлей алмаған.

Татьянаның айтуынша, ол банкпен келіссөздер жүргізген, бірақ оның пайдасы болмаған. Жылдың басында банк қарызды өтеу үшін пәтерді сатылымға шығарды.

"Сот орындаушысы оны төрт миллион теңгеге сатты. Қала орталығындағы екі бөлмелі пәтер. Олар маған ештеңе айтқан жоқ", - деді әйел.

Әйелдің адвокатының айтуынша, сот орындаушысы бірден бірнеше заңды бұзып, пәтерді иесіне ескертусіз және тиісті бағалаусыз сатқан.  Өңірдің жылжымайтын мүлік нарығындағы осындай тұрғын үйдің құны кемінде 11 миллион теңгені құрайды.

"Мені жалғыз баспанадан айырмауды сұраймын. Менің ешкімім жоқ", - деді Көкшетау тұрғыны.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек, 2020 06:48
Талқылау