Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот оған айыппұл салды: Данияда суретші туындының орнына кенеп ілген

Данияда суретші Йенс Ханинг Ольборг қаласындағы Кюнстен заманауи өнер мұражайында туындының орнына кенеп ілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Суретші мұражайға 70 мың доллардан астам (333 миллион теңге) шығын келтірді деп айыпталды.

Ханинг туындысында Австрия мен Даниядағы жалақы айырмашылығын көрсетуі керек еді. Бірақ 2021 жылдың күзінде мұражай қызметкерлері екі үлкен қорапты ашқанда, екі бос кенеп тұрған. Алайда олардың келісімі бойынша ақша ілініп, сол арқылы жалақы айырмашылығы көрсетілуі тиіс еді. Көрме жабылғаннан кейін Ханинг мұражайға ақшаны қайтаруы керек болған.

Суретші өзінің іс-әрекетіне идеологиялық базаны енгізгенін айтады. Оның айтуынша, туындысы "Ақшаны ал да, қаш" деп аталады, сол үшін ол солай жасаған. Сондықтан бұл жағдайда шағым орынсыз дейді.

“Мұражай қызметкерлері қаражатты қайтаруды талап еткеніне қарамастан, суретшінің көркемдік ойын жақсы түсінді. Ханингтің туындысы капиталистік жүйенің бөлігі екенін мойындау керек. Тіпті қазір жоқ банкноттардың құны бар. Оны өнер ретінде қарасақ, бұл ақшаның мәні абстрактілі екенін көрсетеді", – дейді мұражай өкілі.

Сот жағдайды ескеріп, суретші 70 000 доллардың 5,7 мың долларын шегеріп, 64,3 мың долларды (306 миллион теңге) қайтаруы керек деп шешті.

Кейін дарын иесі мұражайдан өтемақы талап етті, өйткені мұражай оның жұмысының фотосуреттерін заңсыз жариялаған. Ол шамамен 78 мың доллар (372 миллион теңге) талап еткен, бірақ сотта жеңіліп қалды.

Соттан жеңілген Ханинг ақшаны 14 күн ішінде қайтаруы керек, бірақ ол қазір қаражаты жоқ екенін айтады.

Ол мұражай ақшасын жымқыру мақсатында емес, идеяны жақсырақ жеткізу үшін сондай қадамға барғанын айтты.

"Бұл біздің күнделікті қаржымызбен, ақша табумен үндесуімізді көрсетеді. Менің жұмысымда бәрі ақшамен өлшенетін қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, банкноттар жоқ", — деп түсіндірді ол.

Талқылау