Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айырды

Испанияның жоғарғы соты Аргентина ұлттық құрамасы мен “Барселона” шабуылшысы Лионель Мессиге қатысты айыптау үкімін шығарды.

71678

Бұл туралы Твиттердегі Football Espana хабарлады.

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айырды. Испания заңына сәйкес екі жылға жетпейтін жаза шартты түрдегі жазамен алмастырылады. Сол себепті футболшы жазасын түрмеде өтемейді.

Еске салсақ, футболшы мен оның әкесі Хорхе өткен жылдың маусымынан бері сотқа жауап беріп жүр. Оларға 2007, 2008, 2009 жылдары 4,1 миллион евро салық төлемегені үшін айып тағылған.

Сонымен қатар, бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша Месси 2,1 миллион евро айыппұл төлеуі тиіс екен. Спортшының әкесінің жазасы 21 айдан 15 айға қысқартылды.

Оқи отырыңыз:

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Талқылау