Сот Қазығұрт тауында тұрғызылған пирамидаларды бұзуға үкім шығарды
Сот Түркістан облысының Қазығұрт тауындағы пирамидаларды бұзып, оны тұрғызған азаматқа айыппұл төлеуді міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент тұрғыны Бералы Артықалиев пирамидаларды тұрғызуға Мұхаммед пайғамбардың өзі аян бергенін айтады. Екі жыл бойы ол демеушілер мен жақтастарын табуға тырысқан, алайда кейінге қалдыра берген жоспарын өз күшімен бастап кеткен.
Ер адам пирамидалар коронавирус мен жайсыз жағдайлардан қорғайды деп сендірді. Алайда, сот оның сөзіне сенбей, әрекетін заңсыз деп бағалады және айыппұл тақты.
"Сот материалдарын толық зерделей келе, азаматтың заңсыз 4 пирамида салғаны дәлелденді. Ер адам оларды бұзып, 15 АЕК көлемінде, нақты айтсақ, 41670 теңге айыппұл төлеуге болады", - делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан, Бералы Артықалиев аппелияциялық шағым түсіре алады.
Бұған дейін профессор пирамидаларды былтырғы жылдың шілде айынан бастап орната бастағанын айтты.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
