Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қорғаушысының үйқамақтағы мерзімін ұзарту туралы шешімге берген шағымын қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр. 12 қарашада оған қатысты бұлтартпау шарасы 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін ұзартылды.

Апелляциялық шағымды судья Элеонора Оңғарсынова қарады. Біртановтың адвокаттары оған қарсы шықты.

Прокурор Төлеген Жараспаев үйқамақ мерзімін ұзарту туралы қаулыны өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

"12 қарашадағы қаулы өзгеріссіз, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын", –  деді судья Элеонора Оңғарсынова.

Алайда судья алдыңғы үкімді күшінде қалдырды.

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (ол бұл қызметті 2017 жылдан бері атқарып келген). Экс-шенеуніктің ұсталғаны қараша айының басында белгілі болды7

Алғашында Біртанов мемлекет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінгенімен, сотқа дейінгі тергеудің аяқталуына бес күн қалғанда бұл бап "Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" деп өзгертілді.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтандағы тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін ұзартқаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Талқылау