Сот Ақтөбедегі теракті туралы бұрын айтылмаған деректерді жариялады
Ақтөбелік террористтерге үкім шығарылғаннан кейін екі апта өткен соң, сот 5 маусым күнгі оқиғалар туралы толығырақ мәлімет берді.
Бұлтуралы Sputnik хабарлайды.
Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Ахметқали Молдағалиев Ақтөбеде маусым айында болған теракт туралы бұрын айтылмаған деректерді мәлімдеді.
2016 жылы 5 маусымда бір топ адам екі қару-жарақ дүкені мен Ақтөбе әскери бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Шабуыл нәтижесінде сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскери қызметкерлер болатын. Қарулы күштер шабуыл жасаған 18 адамды тоқтатып, тоғыз адамды ұстады. Ақтөбеде теракті жасағандар “салафизм” діни ағымының ұстанушылары деп аталды. Террористтерге 28 қараша күні үкім шығарылды: жеті сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, тағы екеуі жазасын 20 және 22 жыл бойы колонияда өтейтін болады. Судья теракті алдында болған жайттарды баяндады.
“Негізгі тұлға Ақтөбе қаласының тұрғыны Дмитрий Таңатаров болған. Шамамен 2009 жылдан бастап Таңатаров радикалды діни ағым салафи-джихади жолына түскен… Таңатаров пен оның сыбайластары Сирия аумағына барып, террорлық әрекеттерге қатыса алмаған кезде, шетелдік салафи-джихади ұстанушысының уағызын тыңдап, Таңатаров пен сыбайластары Ақтөбе қаласында теракті жасау арқылы жоспарларын жүзеге асыруға бел буған”, — деп атап өтті Молдағалиев. Судьяның берген мәліметінше, Таңатаровты 25 адам қолдап, қарулы джихад жасауға шығып, оны террорлық топтың әмірі етіп сайлаған. Содан кейін Молдағалиев болған оқиғаларды тіз қатар әңгімелеп берді.
Жіберіп алмаңыз:
«Қазақстан Аруы-2016» ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсамақ
Пластиканың әлемдегі ең танымал құрбаны Джоселин көңілдесіне қайшы сұғып өлтірмек болды (фото)
Америкалық азамат лотерея билеттерін сатушының қателігінен миллион доллар ұтып алды