Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңына дейін қате шығар деп ойладым": Ұшақ апатынан қаза тапқандардың достары әлі де сене алмайды

Қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларына халық гүл шоқтарын апарып жатыр. Ұшақ апаты он екі адамның өмірін жалмады. Барлығының бару мақсаты әртүрлі еді. Бірі елордаға қызмет бабымен жолға шықса, енді бірі кездесуге бара жатқан. Ал кейбірі жаңа жыл мерекесін отбасымен қарсы алу үшін жолға шыққан. Ең жас студент қыз Дания Аманжол жақында ғана 21 жасқа келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші» арнасына.

самолет

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров Алматы маңғында құлаған ұшақ апатынан қаза тапты. Бүгін Қазақстан полициясының аңыз адамы мәңгілікке атанды. Ол 79 жаста еді. Жүк тасымадаушыдан бастаған ол Ішкі істер министрлігіні орынбасарлығына дейін көтерілген. Жасына қарамастан белсенді өмір сүрген. 

«Бізге өз өміріндегі жетістері туралы айтқан еді. Жұмысын жүк тасушыдан, трактор айдаудан бастаған. 18 жасында анасынан айрылған. Осы кісінің мерейтойында біз Қарақат екеуміз кездескен едік. Содан бері әлі де бірге келе жатырмыз. Сондықтан да ол кісінің өмірімде өзіндік орны бар», – дейді Қыдырәлі Болманов.

Белгілі журналист Дана Круглова жаңа жылды ата-анасымен бірге қарсы алғысы келген. Осы рейске билет сатып алған, алайда бұл оның соңғы рейсі еді.

«Дана өз ісінің нағыз маманы. Ол көптеген оқырмандарға көмектесетін. Оны барлығы жақсы көретін еді. Қарапайым дүниеден бастап үлкен зерттеу жұмыстарына дейін жазды. Ол тек шындықты іздейтін. Көптеген қылмыстық істер оның мақаласынан кейін қайта қаралымға жіберілді. Мен оның мақалаларын әлі де сақтап келемін», – дейді құрбысы Айнұр Балакешова.
Дананың достары мен әріптестері болған оқиға қорқынышты түстей болды дейді. 

«Мен Whatsapp желісіне қарасам, ол бүгін сағат 06:00-де болған екен. Мен оған хабарласқанымда үнемі бос емес болып тұрды. Соңына дейін бұл қандай да бір қателік деп ойладым. Біз данамен Қарағанды қаласындағы мемлекеттік университетіне оқуға тапсырғаннан бері таныспыз. Қабылдау кезінде танысқан едік. Мен де, ол да анасымен бірге келген болатын. Анам «Қандай жақсы қыз. Мүмкін осы қызбен дос болатын шығарсыңдар» деп айтқан еді. Шынымен де біз дос болып кеттік», – дейді құрбысы дейді Ботагөз Омарова. 

Бүгін Арман Исинамен де қоштастық. Апатқа ұшыраған ұшақта көптеген адамға өмір сыйлаған акушер-гинеколог дәрігері де болған. 

«Мен оны Армаша деп атайтынмын. Өйткені ол қандай да бір сұрақ туындаса балаша жауап беретін. «Бұл әілдік емес» деген сөзді жиі айтатын. Ол өте адал жан еді. Денсаулық сақтау системасына жүрегі ауыратын. Өте керемет дәрігер. Мемлекет адал дәрігерінен айрылып қалды. Артында қызы және ұлы қалды. Арман Исинаның жолдасы мен туыстарына көңіл айтамын», – деп жазды Аида Әлжанова желі парақшасында. 

Министр Елжан Біртанов ұшақ апаты үлкен қайғылы оқиға екенін атап айтты. Дәрігерлер атынан арман Исинаның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 
 

STAN.KZ
Сенбі, 28 Желтоқсан, 2019 07:41
Талқылау