Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соңғы жылдардағы ең маңызды реформа: Қазақстанда бір палаталы парламент құру жұмысы басталды

Фото: parlam.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдап, бір палаталы парламент құру жұмысын талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ерлан Қарин президентке парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы баяндалды. Айтуынша, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінде "Парламенттік реформа" арнайы бөлімі іске қосылғалы бері бір айдың ішінде азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан осы мәселеге қатысты 300-ге жуық ұсыныс келіп түсті.

“Бұдан бөлек, 6 саяси партия, атап айтқанда, "Amanat", "Ауыл", "Ақ жол", "Respublica", Қазақстан Халық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз ұсыныстарын жолдады. Онда бір палаталы парламенттің қызметі мен парламенттік партиялардың өкілеттігіне қатысты тетіктер қамтылған. Сонымен қатар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сарапшылық материалдар әзірледі. Қазір барлық ұсынысты талдау және жүйелеу ісі қолға алынды. Жұмыс тобының екінші отырысын биыл 2 желтоқсанда өткізу жоспарланған. Жиында ұсыныстар жекелеген бағыттар бойынша жан-жақты қарастырылады”, – делінген хабарламада. 



Мемлекет басшысы елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңі болатын алдағы парламенттік реформаның мән-маңызына тоқталды. Ол келіп түскен барлық бастаманы жан-жақты қарап, олардың негізінде парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 15:28
Талқылау