"Соңғы сәтке дейін қимылдады": Алматылық әйел нәрестесінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

Алматы тұрғыны Алуа Ахметова сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Бала әйелдің құрсағында шетінеген. Толғаққа бірнеше күн қалғанда жас ана ауруханаға келген, бірақ оны әлі ерте екенін айтып, үйіне жіберген. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

нәресте

Алуа Ахметова күйеумен және ата-анасымен қаладағы №2-нші аурухананың табалдырығын тоздырған. Отбасы сәбиді сақтап қала алмағандарына сенгісі келмейді және кінәлілердің жазаланғанын қалайды. 

"Дәрігерлер баланың құрсақтың ішінде өлі күйде болғанын айтты, мен байқамаған екенмін. Мұндай болуы мүмкін емес, менде толғақ болды, ол соңғы сәтке дейін қимылдады. Мен оларға алдын ала келгенмін. Неге менің 9 ай 9 күн көтерген баламды сақтап қалмады?", - деді Алуа Ахметова.

Алуа өзі қаралып жүрген клиниканың жолдауымен 23 маусымда перзентханаға келген. Сөзінше, сол күні қабылдау бөліміндегі дәрігер өзіне де, енесіне де ерте келіп алғаны үшін айқайлаған. Ал екі күннен соң, әйелдің толғағы басталған кезде келгенде, кеш әкелгені үшін кінәлаған.

"Дәрігер ауруханаға жатудан бас тартқызып, айқайлап жүріп, Алуаның қолын қойдырып алған. Енде өтемақы ұсынып, кешірім сұрап жатыр. Бірақ ешкімді кешірмеймін. 23-25 маусым аралығында кезекші болғандардың бәрі жазалануы керек", - деді Алуаның күйеуі Қуаныш Досжанов.

Ал дәргерлер кінәсіз екендерін айтты. Себебі нәресте перзентхана ішінде емес, басқа жақта, оның үстіне құрсақта шетінеп кеткен екен.

"Біздің болжам бойынша, баланың құрсақтың ішінде өлуінің себебі - инфекция. Науқаста жүктіліктің 21-інші аптасында созылмалы пиелонефрит өршуі болды. Ол бактерияға қарсы терапия қабылдаған. Науқастың қан қысымы көтерілмеген", - деді 

Нәрестенің нақты неден шетінегенін сараптама анықтауы керек. Ол екі аптаға созылады. Ақансері деп атаған баласын жерлегеннен кейін ата-анасы полицияға шағымданған. "Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетін тиісінше орындамауы"  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр