"Соңғы 2 жылдағы ең төменгі деңгей": Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

Қазақстанда доллар KASE-те тағы 3 теңгеге төмендеп, соңғы 1 жыл 9 айдағы ең төменгі деңгейге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,31 теңге болды. Соңғы рет төмен көрсеткіш 2 шілдеде тіркелген – 471,83 теңге.
Айырбастау пункттерінде доллар бағамы:
Астана: сатып алу – 468, сату – 475 теңге;
Алматы: сатып алу – 464,8–471,1, сату – 471,5–473,5 теңге;
Шымкент: сатып алу – 471–472, сату – 473–474 теңге.
Еуро да тез арзандап жатыр. Бір күнде 6 теңгеге төмендеп, 544,65 теңгеге жетті.
-
Табысынан шығыны көп қазақстандықтарға 10 пайыз көлемінде салық салынбақ
-
Енді пәтерін сатқысы келетін қазақстандықтар 2 жыл күтуі керек: Жеке табыс салығының талабы өзгерді
Еуро бағамы обмен пункттерінде:
Астана: сатып алу – 540, сату – 550 теңге;
Алматы: сатып алу – 538,5–546, сату – 547,5–554 теңге;
Шымкент: сатып алу – 540–546, сату – 547–553 теңге.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді