Сомалиде терракт жасалды: Жарылыстан сегіз адам көз жұмды
Сомалидағы әскери базаның маңында болған жарылыстың себебінен сегіз адам көз жұмып, тағы 14 адам түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша, террорист өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс болған аймақта стадион мен полиция бөлімі орналасқан.
"Жарылыстың себебінен әскери базаның жанында болған сегіз адам опат болды. Көз жұмғандардың саны артуы мүмкін, өйткені жарақат алғандардың жағдайы ауыр", - деді Сомали әскерінің полковнигі Ахмед Али.
Оқиға орын алған аумақты сарбаздар түгел қоршаған.
Жергілікті басылымдар террористік әрекетке барған "Әл-Каида" экстремистік ұйымымен байланысы бар "Аш-Шабаб" мүшелері болуы мүмкін деген нұсқа таратуда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”