Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сомалиде былтыр қуаңшылықтың кесірінен 43 мыңнан астам адам көз жұмды

БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры ДДҰ-мен бірлескен есебі бойынша 2022 жылы Сомалиде қуаңшылықтан 43 мың адам қайтыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сомали

Көз жұмғандардың жартысы – бес жасқа дейінгі балалар.

Сомали үкіметінің пайымы бойынша өткен жылы басқа жылдарға қарағанда өлім саны көп болған.

Биыл алғашқы алты айда тағы 34000 адам көз жұмады деп болжануда.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Сомалидің оңтүстік-орталық бөлігінде, соның ішінде құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен Бей, Бакул және Банадир аудандарында байқалады.

Сомалидің Денсаулық сақтау министрі доктор Али Хаджи Адам Абубакар аштықтан әзірге құтылуға болатын жол тапты.

"Сомалидегі ұзаққа созылған азық-түлік дағдарысының қоғамдық денсаулыққа әсер ету деңгейі мен ауқымы әлі де алаңдатады. Сонымен бірге,  денсаулық сақтау және тамақтану саласындағы қазіргі және кеңейтілген іс-әрекеттерімізді, сондай-ақ осал топтарымыздың өмірін сақтап қалу және денсаулығын қорғау үшін гуманитарлық көмекті қолдасақ, аштық қаупін біржола болдырмайтынымызға оптимистік көзқараспен қараймыз", – деді ол.

Зерттеу негізінде алғаш рет болжау моделі жасалды. 2023 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі болжамға сәйкес, дағдарысқа байланысты күніне 135 адам қайтыс болуы мүмкін және осы кезеңде қаза тапқандардың жалпы саны 18 100-ден 34 200-ге дейін болады.

Талқылау