Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Solva Қазпошта бөлімшелерінде кәсіпкерлерден қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бастады

Қазпошта бөлімшелерінде енді Solva-дан бизнеске цифрлық микронесие алуға болады: кәсіпкерлерді қаржыландыру көлемі 4 миллион теңгеге дейін. Тіркеу үшін кепілдік пен кепілгер талап етілмейді, ал өтініш 5 минут ішінде қаралады.

Қаржыландыруды кез келген мақсатқа – айналым қаражатын толықтыруға, сауда орындарын кеңейтуге, құрал-жабдықтарды сатып алуға, қызметкерлер санын толықтыру, шұғыл шоттарды төлеуге және басқа да бизнес қажеттіліктерге алуға болады.

Қаржыландыру кез келген заңды мәртебесі бар – жеке кәсіпкер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерге қолжетімді.Ол үшін кәсіпкерлер Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Қазпошта бөлімшесіне жүгіне алады. 

Одан бөлек, клиенттер @solva_app мобильді қосымшасын жүктеп, сауалнаманы толтырып, микрокредит беру туралы шешімді күте алады. 

Микрокредит алуға болатын Қазпошта бөлімшелерінің тізімімен төменде таныссаңыздар болады: 

Алматы облыстық филиалы (ООУ Еңбекшіқазақ АПБТ, Боролдай АПББ, ООУ Панфилов АПБТ, ООУ Талғар АПБТ, Шамалған станциясы АПББ, ООУ Шелек АПБТ);

Алматы поштамты (ПБП-26, ҚПББ-2, ҚПББ-11, ҚПББ-31, ТҚП-18);

Жамбыл облыстық филиалы (ООУ Жамбыл ОФ, ООУ Байзақ АПБТ, ООУ Қордай АПБТ, Қордай-1 АПББ, ООУ Шу АПБТ, Шу-27 ҚПББ, Шу-29 ҚПББ, ТҚП ХҚКО Шу АПБТ, ООУ Талас АПБТ, ООУ Мойынқұм АПБТ);

Қостанай облыстық филиалы (ООУ Қостанай ОФ, ООУ Рудный ҚПБТ, ООУ Лисаков ҚПБТ, ООУ Арқалық ҚПБТ, ООУ Әулиекөл АПБТ, ООУ Сарыкөл АПБТ, Ұзынағаш АПББ);

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы (ООУ СҚОФ, ООУ Қызылжар АПБТ, ООУ Мүсірепов атындағы АПБТ, ООУ Жұмабай атындағы АПБТ, ООУ Тайынша АПБТ, Константинов АПББ, Ленинград АПББ);

Түркістан облыстық филиалы (ООУ Кентау ҚПБТ, Қарнақ АПББ, Қарабұлақ АПББ, Абай АПББ, ООУ Сайрам АПБТ, ООУ Мақтарал АПБТ, ООУ Отырар АПБТ).