Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея зымыран бағдарламасын ұрланған криптовалютамен төлеп жатыр - БҰҰ

БҰҰ-ның жариялаған есебіне сәйкес, Солтүстік Корея 2020 жылдан 2021 жылдың ортасына дейін кибершабуылдардың көмегімен 10 миллион доллардан асатын криптовалютаны ұрлап, бұл қаражатты өзінің зымыран бағдарламасына жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп хабарлайды. 

Мұндай кибершабуыл Пхеньянның ядролық және зымырандық бағдарламасы үшін маңызды табыс көзі болып отыр. Тергеу нәтижелері жұма күні ҚХДР-ға қатысты санкциялармен айналысатын БҰҰ комиссиясына тапсырылды. Солтүстік кореялық хакерлер Солтүстік Америкада, Еуропада және Азияда кем дегенде үш криптовалюта биржаларын бұзған.

БҰҰ өз есебінде киберқауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Chainalysis компаниясы жариялаған тергеуге сілтеме жасайды. Тергеудің авторлары өткен жылы солтүстіккореялық хакерлер (олардың артында мемлекет тұр) тек өткен жыл үшін 400 миллион доллар болатын сандық активтерді ұрлаған деген қорытындыға келді.

Кибершабуылдардың көмегімен Солтүстік Корея өзінің жаппай қырып-жоюға арналған қаруын дамыту бағдарламасына екі миллиард долларға дейін қаражат жинап алған болуы мүмкін. Бұл туралы 2019 жылы БҰҰ өз есебінде атап өткен.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға ядролық сынақтар жүргізуге және баллистикалық зымырандарды ұшыруға тыйым салғанымен, Пхеньян өзінің әскери ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастыруда. Сондай-ақ, ол осы бағдарлама үшін қажетті материалдар мен технологияларды шетелде, соның ішінде кибершабуылдар мен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, іздеуді жалғастыруда.

Сонымен қатар БҰҰ санкцияларының әсерін бақылайтын шенеуніктердің айтуынша, Пхеньян жақында зымыран сынақтарын едәуір жеделдетті.

Жұма күні АҚШ-тың хабарлауынша, КХДР тек қаңтар айында 9 зымыран сынағын өткізді.

"КХДР жедел дамудың жаңа мүмкіндіктерін, мобильдікті (соның ішінде теңізде) және зымыран күштерінің өміршеңдігін көрсетті", – деді Солтүстік Корея режиміне қатысты санкциялар мәселелерімен айналысатын БҰҰ өкілдері.

Өз кезегінде Қытай мен Ресей Солтүстік Кореяның зымырандарды жиі ұшыруын айыптайтын мәлімдемеге қол қоюдан бас тартты.

Өз кезегінде АҚШ жексенбіде Солтүстік Кореядағы арнайы өкілдері аптаның соңында Оңтүстік Корея мен Жапония өкілдерімен кездесіп, жағдайды талқылайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ БҰҰ есебінде Солтүстік Кореядағы гуманитарлық жағдай нашарлай түсуде деген ақпарат бар. Оның себебі Пхеньянның пандемияға байланысты шекараны жабу туралы шешімі себеп болуы мүмкін.

Ел туралы ақпараттың толық болмауына байланысты солтүстік кореялықтардың қазіргі жағдайының нашарлау себебіне санкциялардың қаншалықты кінәлі екенін анықтау қиын.

Талқылау