Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея көшбасшысының арнайы пойызы Қытай шекарасын кесіп өтті

Солтүстік Корея басшысының пойызыФото: Юрий Смитюк/ТАСС

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мінген арнайы пойыз Қытай шекарасын кесіп өтіп, Бейжіңге бет алды. Ол және делегациясы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Голос Кореи”  радиостанциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пойыз Қытайға 2 қыркүйек күні таңертең кірген. Мәліметке сәйкес, пойызда Солтүстік Корея көшбасшысымен бірге партия басшылығы және ел үкіметінің өкілдері де бар. Олардың қатарында Солтүстік Клоей Сыртқы істер министрі  Цой Сон Хи бар.


Солтүстік Корея Украинадағы соғысқа тағы 30 мыңға дейін сарбаз жібермек


Солтүстік Кореяда кеме аударылғаны үшін жоғары лауазымдағы шенеунік қамауға алынды


Оның алдында Бейжіңге Ресей президенті Владимир Путин барды. Оның кортежі Дяоюйтай мемлекеттік резиденциясына жетті. Тяньцзиньден Бейжіңге дейінгі жол шамамен бір сағатқа созылды. Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпинді досым деп атады. Ол Қытай төрағасының мамыр айында Мәскеуге сапарының сәтті өткенін және маңызды символдық мәні бар екенін айтты. 

Си Цзиньпин Ресей мен Қытайдың Жеңіс шеруіне қатысуы жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді. Қытай басшысының айтуынша, 9 мамыр мен 3 қыркүйекте екі елдің өкілдері Жеңіс мерекесіне бір-бірінің қонағы ретінде қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея шекарасында атыс болғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 12:11
Талқылау