Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өз тағын Ким Чжу Э есімді қызына береді. Бұл туралы аталмыш елден қашып шыққан бұрынғы шенді дипломат айтты деп хабарлайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: newsweek.com

Newsweek сайтының жазуынша, қазір Солтүстік Кореяда ішінара таққа талас жүріп жатыр. Ел басқаруға Ким Чен Ынның қызы мен әпкесі ұмтылуда. Десе де бұрынғы дипломат Ко Ён Хван нақты мұрагердің анықталып қойғанын айтқан. Сөзінше, келесі басшы Ким Чен Ынның қызы. 

Мұндай болжамға Ким Чжу Э-нің "Хвасон-17" баллистикалық ракетасын сынау кезінде әкесінің қасынан табылуы себеп болып отыр. Дәл осы көрініс мемлекеттегі ядролық қарудың келесі иесі кім екенін айқындауда. Ал суық қаруды иелену ел басқарумен тең. 

Соңғы уақытта Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон тақ мұрагері болуы мүмкін деген болжамдар жиі айтылған. Бірақ мемлекет басшысының жұбайы бұл белсенділіктен сескенді ме, қазірден бастап билікке деген таласты бастап кеткен көрінеді. Осылайша әрбір ірі шараларда қызын әкесінің жанынан табылуға әсер етіп жүр. 

Сонымен қатар, дипломат Ким Чен Ынның өз қызын жанына ертіп жүруі халықпен таныстыру және мейірімді әке образын сомдау екеніне тоқталған. Әрі қызының болашағына қамқор танытатынын меңзеу дейді. 

Осылайша Ким Чжу Э-нің халық алдына шығуы бұған дейін белсенді болған Ким Ё Чжон-ды екінші орынға сырғытып отыр.

Талқылау