Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея жерді бақылайтын алғашқы тыңшылық спутнигін әзірлеп шығарды

Солтүстік Корея әскери мақсатта Жерді бақылауға арналған алғашқы тыңшылық спутнигін әзірлеп шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Ұлттық ғарыш басқармасына тексеру сапары кезінде тыңшылық спутникті ұшыруға дайындықты жеделдетуді тапсырды. Ол сәуір айында жасалған №1 әскери барлау спутнигін уақытында ұшырылуын талап етті.

Оның нақты қашан ұшырылатыны белгісіз. Дегенмен КХДР-дың барлау және ақпарат жинау мүмкіндіктерін арттыру бойынша жауынгерлік мақсат қойылған.

Ким Чен Ын сонымен қатар бұл спутниктің негізгі мақсаты АҚШ пен Оңтүстік Кореядан келетін "қауіптерге" тиімдірек қарсы тұру екенін айтты. Болашақта мұндай спутниктердің бірнешеуін әртүрлі орбитаға кезекпен ұшыруды жоспарлайтынын айтты.

Ол әрі қарай екі елді Пхеньянға қарсы агрессивті позициясы үшін айыптады. 

Осы спутник арқылы КХДР "әскери сценарийлер мен дұшпандық күштердің әрекеттері туралы нақты уақыт режимінде ақпарат алуға" үміттенуде.

Талқылау