Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстандағы көлде 400 келі балық қырылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданындағы Тұзды көлде 400 келі балық қырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Облыстық экология департаменті, Есіл облысаралық бассейндік инспекциясы, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария қызметі, балық шаруашылығы ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы төтенше жағдай орын алған жерге барды. 

"Жұмыс тобы су қоймасының жағалау сызығын зерттеді. Көзбен шолу кезінде 400 келі көлемінде пелед, тұқы, мөңке балықтардың  ішінара қырылуы анықталды. Су сынамалары, мен балықтардың өлекселері алынды. Зертханалық талдау мақсатында "Aquarius-2017" ЖШС бекітілген балық шаруашылығы субъектісі өлген балықтарды жинау жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады облыстық экология департаментінен.



Ведомство зерттеуден кейін балықтардың өлу себептері хабарланады деген қорытындыға келді.
Осы аптада дәл осы аудандағы Табунное көлінде осындай балықтардың қырылуы тіркелген.

Көктемде облыстың жеті су қоймасында балықтардың қырылуы тіркеліп, онда жалпы 800 келі өлі балық жиналған. 

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 21 Шілде, 2022 13:43
Талқылау