AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда жеке үйден анасы мен ұлының денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецкое ауылында жеке үйдің ішінен анасы мен ұлының өлі денесі табылған. Мамандар өлім себептерінің бірі газбен улану болуы мүмкін екенін айтады. Дегенмен сараптама нәтижелері күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.

Төтенше жағдай салдарына тұрғын үйден екі адамның – 1968 жылы туған әйел мен оның 1995 жылғы ұлының мәйіті табылған. Өлімнің себебі анықталуда, денелер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихиннің айтуынша өрттің неден болғанына қорытынды жасауға әлі ерте.

"Біздің қызметкерлер жұмыс істеуде. Өрт сөндіру зертханасы онда улы газдың бар-жоғын анықтайды. Бірақ әзірге бұл туралы нақты айту мүмкін емес. Сонымен қатар пештің шұңқыры ашылды және ондағы көміртегі тотығы күмән тудырады", - деді Растихин.

Қаза тапқандардың көршілері оларды екі-үш күн бойы көрмегендерін айтса, ауыл тұрғындары олардың алькоголді ішімдікті тұтынғандары туралы жеткізді.

“Өткен жылдары бізде осы жағдайға ұқсас ер адамның денесі табылды. Кейін көміртегі тотығымен улану туралы айтылған кезде сараптама алкогольді ішімдіктерді ішу нәтижесінде басқа затпен уланғанын көрсетті. Бұл жағдайда да сараптама жүргізіліп, нақты себептері анықталуда", - деп түйіндеді Дмитрий Растихин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр