Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда Сергеев су қоймасы толуға жақын: Қай ауылға су басу қатері төнді

7 сәуір кешкі 20:00-дегі жағдайы бойынша Сергеев су қоймасы 175% (сыйымдылығы – 1213 млн текше метр) толған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pkzsk.info

Сергеев су қоймасының биіктігі – 1 190 см (Максимал – 800). Бөгеттің үсті 390 см толған. Кейінгі 12 сағатта су деңгейі 55 см көтерілді. Бұған дейін тіркелген максималды деңгейден (2017 жылы 338 см) 52 см асып кетті.

Есіл өзендері ағыстарында Сергеев су торабынан жоғары қарай су күрт төмендей бастады. Бұл су тасқын қаупі ең жоғарғы деңгейге жеткенін білдіреді.

Ал Петропавл тұрғындары 2017 жылғы су тасқынын еске алып, бұл жолы су қаншалықты таситынын болжап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев атап өткендей, Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмайды. 

"2017 жылы судың толып кетуі 338 см болды, болжам бойынша толып кету 4 м-ге дейін болады, яғни 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қаупі туады. Су басу аймағына 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді. Облыс орталығына 7-8 күнде үлкен су келуі мүмкін", – деді спикер орталық коммуникациялар қызметі алаңында орналасқан республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Оның айтуынша,13 ауданның 8-і қиын жағдайда тұр. Қар жамылғысы 38-ден 50 пайызға дейін жетті. 262 елді мекенді су басу қаупі сақталып тұр. 38 үйдің 25-і су астында қалды. 100-ге жуық адам эвакуацияланып, 36 адам үйіне қайтарылды. 109 үй маңындағы аумақ су астында қалды.

"Жолдарда 48 су толып кету жағдайы тіркелді. Жол төсемінің 7 учаскесі ашылып, су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 155 шақырым арық тазартылды, кеңейтілді және тереңдетілді, 96,6 шақырым канал, 55 мың дана қапшықтар дайындалып, 23 мың данасы төселді, 540 адам және 233 техника жұмылдырылды. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істейді, –  деп түйіндеді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Кеше орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бірқатар өңірлерде су тасқынының шарықтау шегі қашан болатынын айтты. 

Талқылау