AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сәби коронавирустан қайтыс болды – дәрігерлер жаңа мәліметтерді айтты

Бір жасар баланы алғашында үйінде энтеровирустық инфекция мен бронхиттен емдеген. Бірнеше күннен кейін ПТР тесті оның COVID-19-ға шалдыққанын көрсетті деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

сәби

“Петропавлда коронавирустық инфекциядан 21 бала көпсалалы балалар облыстық ауруханасында емделуде, олардың жартысы бір жастан екі жасқа дейінгі балалар”, – деп мәлімдеді көпсалалы балалар облыстық ауруханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрлан Жақыпов. 

Ол, сондай-ақ коронавирустың салдарынан бір жасар баланың қайтыс болғаны жайлы айтты.

"5 шілдеде 1 жас 2 айлық баланың температурасы көтерілді. Бұған дейін ол жергілікті дәрігердің бақылауымен үйде энтеровирустық инфекция, бронхитке қарсы ем алған", – деді Жақыпов.

12 шілдеде коронавирустың оң ПТР анализін алғаннан кейін, бала облыстық балалар ауруханасына "коронавирустық инфекция, екі жақты пневмония" диагнозымен жатқызылды. Денсаулығы нашарлағаннан кейін бала жансақтау бөліміне ауыстырылды. 

"Жағдайы ауыр болатын, бала қарқынды терапия қабылдап жатты. Нұр-Сұлтанның жетекші клиникаларының дәрігерлері мен профессорларымен бірнеше рет кеңестер өткізілді. Біз шешімді дұрыс қабылдадық. Бірақ аурудың ағымы қатерлі сипатқа ие болды. Өкінішке орай, біз баланы құтқара алмадық", – деді Нұрлан Жақыпов.  

Ол баланың ауруды қай жерден және кімнен жұқтырғаны туралы ешнәрсе айтпады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері қанша бала коронавирусты жұқтырғаны туралы мәлімет жариялаған болатын. Министрліктің айтуынша, 1 қаңтардан 16 шілдеге дейін балалар арасында COVID-19 инфекциясының 31 188 жағдайы тіркелген. 

Талқылау
Пікір
Балжан
23 Шіл, 21 жыл - 09:53

Сіздерде балларды вакцина жасау үшін енді балалар ауырып жатыр деп сылтау іздеп отырган адамсыздар. Олсекте балаларга вакцина салуга жол бермейміз не істесендерде. Құдайдан қорқындар бір күні тәубелеріңе келтіреді, біз асыққанмен құдай асықпайды 

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр