Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда облыс басшысының екі орынбасары қызметтерінен босатылды

Солтүстік Қазақстанда облыс басшысының екі орынбасары қызметтерінен қысқартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының өкімімен және үкімет қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының екі штаттық бірлігі қысқартылды. Нығыметов Ғани Сақтағанұлы мен Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы қызметтерінен босатылды", – деп хабарлады ведомстводан.

Ғани Нығыметов 2020 жылдың мамырында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол ішкі саясатты, білім беруді, спортты, мәдениет пен дінді қадағалады. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2019 жылдың шілдесінен бастап ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.



Тимур Сұлтанғазиев облыс басшысының орынбасары болып жарты жылдан сәл астам уақыт жұмыс істеді. Ол 2021 жылдың желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Сұлтанғазиев 2018-2020 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы болды.

Талқылау