AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ноутбук ұрлаған шенеуніктер сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің екі қызметкері жауапқа тартылды. Олар аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды онлайн оқытуға арналған 177 ноутбукты ұрлап сатты, деп хабарлады облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының оқушыларын қашықтан оқытуға арналған компьютерлік техниканы ұрлау фактілерінің жолын кесті.

"2020 жылдың қыркүйегінде Айыртау ауданының білім бөлімі коронавирустық пандемия кезеңінде мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға жағдай жасау үшін Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасынан 158 мың теңге бағамен "Acer" маркалы 746 ноутбук алғаны анықталды. Ноутбуктар мектеп директорларына бірінші кезекте аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға тарату үшін тапсырылған”, – делінген хабарламада.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық білім бөлімінің қызметкерлері – экономист А.Қоспанов пен әдістемелік кабинет меңгерушісі (IT-маман) Ж.Төлеуов 177 ноутбук ұрлап, бұрын қолданыста болған заттарды сату сайты арқылы оларды өткізіп жібергені анықталды. Шығын 27 миллион 966 мың теңгені құрады.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шенеуніктерге қатысты “аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық сотының үкімімен Төлеуов 7,5 жылға, Құспанов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар Қазақстанның батысында аз қамтылған отбасыларда ата-аналар балаларын оқытуға арналған ноутбуктерді ломбардтарға өткізген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр