AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғынының денесін туыстарына ескертпестен қазып алып, қайта жерлеген

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр күзде қайтыс болған ауыл тұрғынының денесін қазып алып, қайта жерлеген адамды анықтап жатыр. Даудың басы Новоишимское облыс орталығының тұрғыны Игорь Лазарев әкесінің бейіті қазылып, қойылған кресттің орны өзгергенін байқағаннан кейін басталған. Жәбірленуші эксгумация жасауды талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтемемен.

игорь лазарев

Жаға ұстатарлық бейнежазбаны әлеуметтік желіге Новоишим ауылының тұрғыны Игорь Лазарев жариялаған. Ол әкесін былтырғы жылдың күзінде жерлеп, көктемде бейіттің қазылғанын білген. 

"Мен әкемнің денесінің қазір қай бейітте жатқанын білмеймін. Мүмкін алты метр арақашықтықта орналасқан жаңа қабірде ме, белгісіз болып отыр", - дейді Лазарев.

Ауыл тұрғыны бұл оқиғаға ұлы осында жерленген жергілікті кәсіпкерлердің бірін кінәлайды. Азаматтың айтуынша, кәсіпкер бұл аумақты абаттандырған, оның үстіне брусчаткаларды бейіт үшін алып тастағанына наразы болғанға ұқсайды. Жәбірленуші полицияға арыз жазған.

"Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады. Яғни, факті ҚР қылмыстық кодексінің "Өлгендердің мәйіттерін және жерленген жерлерді қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді", - дейді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Ысқақов.

Қазір зират аумағында тергеу амалдары жүргізіліп, мәйітті эксгумациялау жұмыстары жасалуда. Бөтен адамдардың кіруіне шектеу қойылған.

Тергеу Игорь Лазаревтың әкесі шынымен қайта жерленді ме, егер солай болса, оны кім жасағанын анықтауы керек. Жәбірленуші айыптап отырған кәсіпкер түсініктеме беруден бас тартқан. Ал ауыл әкімдігінде бұл зират, шын мәнінде, иесіз, мұнда тәртіпті сақтайтын ешкім жоқ екенін ашып айтты.



"Бұл православтық зират әкімдіктің балансына кірмейді. Ешқандай тізімде жоқ. Новоишим ауданында орын алатын барлық жерлеу орындарын тұрғындар өздері бөліп алады. Әкімдік бұл мәселеге араласпайды", - деп түсіндірді Новоишим ауылдық округінің әкімі Әділжан Букпин.

Әкімдік зират мәселесінде шет қалмас үшін облыстық мәслихат сессиясында жерлеудің жаңа ережелерін қабылдап, онда жергілікті атқарушы органдардың функциялары нақты көрсетілген. Онда ауыл әкімдері бейіттерге арналған жер телімдерінің есебін жүргізіп, есепке алатыны анық жазылған.

"Бұл ережелер зиратты ұйымдастыру, құжаттаманы жүргізу, зират аумағындағы барлық ережелерді сақтау бойынша әкімдіктің міндеттерін дәл көрсетеді. Сондай-ақ зират әкімшілігінің, яғни зираттың жұмысын қамтамасыз ететін ұйымның, осы ережелерге сәйкес жер телімдерін бөлу, тиісті деңгейде күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін өкілеттіктері нақты көрсетілген", - дейді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов.

Орын алған даудан кейін Новоишим ауылының билігі зиратқа күтім жасайтын және оған қызмет көрсететін адамды табуды жоспарлап отыр. Ал Игорь Лазарев болса әкесін басқа жерге жерлеуге мәжбүр болды. Енді ол бұл мәселеге қатысты кінәлілер анықталады деп үміттенеді.

Бұған дейін Новоишим ауылының тұрғыны әкесінің бейіті қорланғанын айтып, көмек сұрағаны жазылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр